Теміржол тармақтарын пайдаланушы кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсетілді

Аймақтар
14.03.2023, 10:14
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде ҚР Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент қызметкерлері Н.Жахин мен Б. Оразов теміржол тармақтарын пайдаланушы кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Жиынға аймақтағы станция басшылары мен жүк қабылдап-жөнелтуші тармақ иелері, кірме жолдарды пайдаланушы кәсіпкерлер қатысып, оларға «Атамекен» ұлттық палатасымен бірлесе «Бизнеске жол» жобасының маңызы түсіндірілді.  

Жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілерді еңсеруге көмектесу, құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңға салуды болдырмау, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету. Яғни, жерді жалға алу, су, газ, жарық тарту үшін техникалық құжат рәсімдеуден, мемлекеттік сатып алу келісім-шартына қол қоюдан негізсіз бас тартылса, есеп-шотқа заңсыз ауыртпалық салынса, заңсыз тексерілсе, сондай т.б. жағдайларда кәсіпкерлерге көмек беруді көздейтін жоба.  

Отырыс ашық диалог форматында өтті, кәсіпкерлер мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі негізсіз, әкімшілік кедергілерге қатысты сұрақтар қойды. «Рауан-Налко» ЖШС өкілі М.Нажиев темір жолда қағазбастылық әлі де көп екенін алға тартты. Оның айтуынша, теміржолдың белгілі бір бөлігін иеленуші «Центротранссервис» (ЦТС) мекемесімен ай сайын келісім-шарт жасалады. Неге олай? Бұрын жылына бір рет жасалатын. 200-дей клиентпен ай сайын келісім-шарт жасай бергеннен кім ұтады? «Құлсары-Болашақ» ЖШС өкілі вагонға қатысты шағымын жеткізді. Айтуынша, Ақтөбедегі «Көктас» мекемесі жартылай ашық вагондарды қажетіне қарай емес, бірден 40 вагон ал деп ұсынады. «Мен оны қайда сыйғызамын, оның бәріндегі жүкті бір күнде түсіру мүмкін емес. Бізге қажеті 18 вагон. Ал қысқы мезгілде жартылай вагондар тіптен тапшы. Біресе көп, біресе вагон жетіспейді, реттілік жоқ» дейді. Бөлімше басшысы А.Базарғалиевтің түсіндіруінше, қысқы мезгілде жартылай ашық вагондар негізінен көмір тасымалына жегілетіні жүк жөнелтушілерге ескертілген. Ал басқа облыс аумағында вагондармен келісу ол кәсіпкердің өз жауапкершілігінде. «Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде вагон берілмей, станциялар қабылдамай жатса, барлық станция басшылары осы жерде отыр, сауалыңызға жауап береді. Бірақ өзге өңір үшін жауап бере алмаймыз» деді ол.

Жиында сөз болған тағы бір маңызды мәселе – цифрландыру. Б.Оразовтың айтуынша, ол сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді, қандай да бір лауазымды тұлғаға тәуелділік болмайды. Барлық құжаттамалар, келісім-шарт, алыс-беріс, жүк қабылдау-тапсыру құжаттары цифрлы түрде жүзеге асырылуы тиіс. Сол мақсатта «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе мобильді топ құрылған. Олардың мақсаты – кәсіпкерлерге құқықтық және басқа да көмек беру. Бұған дейін Қазақстанның кей өңірлерінде «ҚазТемірТранс» АҚ вагондарды беруде алалық танытқаны БАҚ-та айтылған болатын. Компанияның Атырау филиалының өкілі Саламат Төлегеновтің айтуынша, бүгінгі күнде вагондармен жеткілікті түрде қамтамасыз етіп отыр. Филиал Атырау және Маңғыстау жол бөлімшелерімен бірлесе жұмыс жасайды. Магистральдық тораптың 2099,4 шақырым аралығындағы теміржол қозғалысының үзіліссіз, қауіпсіз қызметін үнемі ұйымдастыру жолында қызмет жасап, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыруға ден қоюда. Негізгі жүк жөнелтушілер: «Иси Гипс Индер», «Индер тұз», «Карат», «Шевронмұнайгаз», «Рауан Налко» ЖШС, т.б. Вагондар беруде ешқандай ала-құлалық жоқ. Электронды АСУ ДКР жүйесі жұмыс жасап тұр.  

Антикор өкілдері бүгінгі басқосу мақсаты кәсіп иелерімен кері байланыс орнатып, құқықтық негізде көмек беру, қандай да бір келеңсіздіктерді болдырмау, олардың алдын алу екенін жеткізді. «Шешілмей жатқан мәселе болса, хабарласыңыздар, келіңіздер. Бірлесе отырып, мәселенің түйінін тарқатайық», – деді жиын соңында.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады