Түбек теміржолшылары ырыс пен береке мейрамы – Көрісу күнін ерекше атап өтті

Аймақтар
14.03.2023, 17:58
Суреттерді түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Еліміздің батыс өңірлерінде жұрт көктемге жеткеніне шаттанып, бір-біріне көрісе барып, бір кісідей жұмыла тойлайтын – Амал мейрамын қазақи қаймағы бұзылмаған киелі мекен – Маңғыстаудың халқы ерекше атап өтеді. Бүгін Түбек теміржолшылар ауылында да үлкен той болды.  

Алдымен «Амалға» амал қылған жастар жағы жасы үлкендерге көрісе кірді, «Жыл құтты болсын, жас құтты болсын!» деп амандық саулық сұрасты. Көрісудің соңы ұлттық үлгідегі  көріністер мен ойындарға ұласты. Дастарханға ұлттық тағамдар қойылып, қазақы ыстық ұяның көрінісі қалыптасты.

Маңғыстау қосалқы бөлімінің ғимаратында жаңа отау тігіліп, шаңырақ көтерілді. Жас жұбайлардың алғашқы Амал мейрамында қыз беріп, қыз алған құдалар жағы төс қағыстырып, бір дастархан басында бас қосты. Ата салтына сай арадағы ынтымақты нығайтатын дәстүріміз теміржолшылар аулында осылай қайта жаңғырды. 

Үй иелері жас келіннің көрісе келген төркінін лайықты сый-құрметпен шашуын шашып, ағарғанмен күтіп алды. Кетерде көңілін тағы да көтеріп, арадағы көпірді үзілместей қылып жалғады. Ат мінгізіп, боталы түйе берді. Шапан жауып, шат-шадыман шығарып салды. Бөлімдегі Амал күні осылай жоғары деңгейде атап өтілді. Әр жақсылықтан жұғысты болсын деп ырымдайтын халықпыз ғой. Бұл сценарийдегі тату-тәтті жас жұбайлар өмірі теміржолшы жігіт пен қыз – Шалқар Әзірбайұлы мен Балжан Дуйсенбаеваға жұғысты болып, той көрейік деген тілектер айтылды. Ал ынтымағы жарасқан құдалар рөлін Маңғыстау қосалқы бөлімі теміржолшылар кәсіби одағының төрағасы Әзірбай Тұрмағанбетов пен қауіпсіздік бөлімі басшысы Аманқос Құсайынов, құдағилар бейнесін осы бөлімде еңбек ететін Ақкүміс Шәудірбаева мен  Маржан Аязбаева жоғары деңгейде орындап шықты. Маңғыстау қосалқы бөлімінің бастығы Нәжімеден Ғұбашов жастарға бас болып, бас құда ретінде батасын берді.  

Бұл Маңғыстау теміржолындағы Наурыз мерекесінің басталуы ғана. 16 наурыздан 20-на дейін Маңғыстау және Бейнеу станциясындағы теміржол мекемелерінде тағы да түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады деген жоспар бар.    

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды