Тараз вокзалындағы бір күн

Аймақтар
28.03.2023, 09:30
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Тәулігіне 24 жолаушылар пойызы өтетін Тараз вокзалынан күндіз-түні адам арылған емес. Бірі діттеген жеріне жете алмай, енді бірі кері қайта алмай әбігерге түсіп, эмоцияға беріліп, шыдамсыздық танытып жататын жолаушы халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуден танбайтын вокзал қызметкерлерінің кәсібилігі еріксіз сүйсінткендей.

Өткені айғай-шуы көп, алуан түрлі адамдардың басы қосылған жерде түрлі жағдай орын алып жатады. Әне, қолжүгін жоғалтқан әйел бүкіл вокзалды басына көтеріп, айғай сүрең салып жатыр. Лезде жүгіріп келген вокзал бастығының көмекшісі бір топ қызметкермен іске кірісті, дереу желілік полиция қызметкері келіп жетіп, іздеу, тексеру, бейнекамераны қарау жұмыстары басталып, сәлден соң қытайдың торкөз сөмкесі табылып, иесіне қайтарылды.  

Мен келгенде вокзал бастығы Дидар Мүсіретәлиев әріптестерімен дидарласып, жұмыс жайын талқылап отыр екен. 

«Қазір қала бойынша көктемгі тазалық, абаттандыру екі айлығы жүріп жатыр. Соған орай перрондағы сауда нүктелерінің қожайындарымен бірлесе сенбіліктер ұйымдастыру жайын талқылап жатырмыз. Перронда 17 сауда нүктесі және бір дәмхана бар. Өзіңіз куә болғандай, қыс айларында біздің қызметкерлер тәулік бойы кезекшілікте болады. Өйткені, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық тас жолының жабылуына біздің де етіміз үйреніп кеткен», – деді Дидар.  

Байқағаным, вокзалдың әр аумағында бейнебақылау қойылған. Вокзал басшысы мұнда бүгінгі күні 80 камераның қойылғанын алға тартты. Ондағы жазбалар 30 күнге дейін сақталады екен. Вокзалдың іші-сырты, перрон айнадай тап-таза.  

– Тазалық жұмыстарын өз күшімізбен жүргіземіз. Қазір төрт жерге 20 контейнер қойылған. Ондағы күл-қоқыстарды тәулігіне бір рет бізбен келісімшартқа отырған жеке компания алып кетеді. Ғимарат ағымдағы жөндеуден өтті. Дегенмен, оны әлі қабылдап ала алмай отырмыз. Бұл жерде кінәрат мердігер компаниядан болып тұр, – деді вокзал бастығы.  

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік, жұмыс орнын ұйымдастыру бойынша айына екі рет техникалық сабақ өтіп тұрады екен. Терроризмнің алдын алу бойынша да жолаушыларға жадынамалар таратылып, мамандар дәріс өткізуде. Техникалық қызметкерлердің жұмыс орны тиісті деңгейде ұйымдастырылған. Мүгедектерге арналған пандус, әжетхана, касса бар. Ал қонақ үй, билет сататын кассалар, асхана – бәрі жалға беріліп отыр. Өткен жылы вокзалдың қалаға шығар алаңшасына ескерткіш ретінде тепловоз қойылған болатын. Алайда, пойыз 20 минут тұрақтағанда жолаушылар онда барып, суретке түсіп немесе тамашалап үлгермейді екен. Соны ескерген вокзал басшылығы алдағы перронға «I LOVE TARAZ» деген белгі қоймақшы. Ол түнде де түрлі жарықтармен безендіріліп, жолаушылардың Таразға келгенде естелікке суретке түсер орнына айналмақ.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады