Ақтөбеде Ұлыстың ұлы күні ұлықталды

Аймақтар
28.03.2023, 10:25
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Көрген де, көрмеген де арманда» дейтін наурыз-думан Ақтөбеде де өтті. Ұлыстың ұлы күнін ұлықтаған шаралар өңірдегі барлық теміржол мекемелерінде жалғасты.

Қаладағы зәулім теміржолшылар ғимаратында ертемен шырқалған «Наурыз-думан» әні көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлап, жан-жақтан ағылған теміржолшылар құшақтасып көрісіп жатты. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Батыс аймақтық филиалының директоры Бөріхан Сматуллаұлы әріптестерін құттықтап, ізгі тілегін жолдады.  

Әр бөлімше жеті түрлі дәмнен дайындалған наурыз көжелерін ұсынып, қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, үлкендерден бата алды. Ал теміржол вокзалының маңына ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, алтыбақан құрылды. Әр мекеменің ауласында жалғасқан мерекелік «Сүйінші», «Шашу», «Қымыз мұрындық», «Бесікке салу», «Беташар», «Тұсаукесер», «Құда күту» сынды ұлттық салт-дәстүрлерден театрландырылған қойылымдар көрсетіліп жатты...  

Сонымен қатар, теміржолшылар тіккен киіз үйлер арасында сайыс өтіп, «Сәнді отау» номинациясы бойынша «Абылай хан ауылы» атауымен отау тіккен ШЧ-4 мекемесі үздік деп танылды.  

Ақтөбе темір жол вокзалында бұл күні жолаушыларға наурыз көже мен бауырсақ таратылды. Әз Наурыздың шын мәніндегі халықтық мерекеге айналғаны көрінді. Мерекелік көңіл-күйге енген жолаушылар да риза болып аттанды.  

Ал Ақтөбе белгі беру және байланыс дистанциясында барлық салт-дәстүрден қойылым көрсетілді. Келін түсіру, беташар, бата алу, сыңсу айту, құрсақ шашар, бесікке салу, тұсаукесер секілді ұлттық дәстүрлер паш етілді.

Сонымен қатар қиқулатып ұлттық ойындар да ойнатылды. Асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ, кір тасын көтеру секілді спорт ойындары көпшіліктің көңілінен шықты.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады