Абай еліндегі әз Наурыз

Аймақтар
28.03.2023, 10:38
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар биылғы Наурыз мерекесін жылдағыдан өзгеше атап өтті. Себебі араға 25 жыл салып, облыс орталығы мәртебесін қайта алған қала үшін бұл мерекенің мән-маңызы ерекше еді.

Мерекелік шаралардың басты ұйымдастырушысы салалық кәсіподақ ұйымы Наурыз тойының сән-салтанатпен өтуіне күш салды. Бұл күні шаһардың теміржол бекеті алаңына желі бойындағы мекемелердің күшімен он шақты киіз үй тігіліп, жұртшылықты аста-төк дастарханмен қарсы алды.  

Мерекелік іс-шараның ашылу салтанатында бөлімше басшысы Владимир Бабиченко, ардагерлер кеңесінің төрағасы, қадірменді ақсақал Қырықбай Әлсейітов пен салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Алик Досанов сөз алып, көпшілікті Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Теміржолшылар ауылына» келіп, мерекелік дастарханнан дәм татты. Ізгі тілегін білдіріп, теміржолшыларға еңбекте табыс тіледі.  

Басты ерекшелік – ұлттық спорт түрлері ойнатылып, салт-дәстүрлер дәріптелді. Әсіресе арқан тартыс мейлінше тартысты өтті. Оған желі бойындағы барлық теміржол мекемелерінің құрыш білекті жігіттері қатысқан болатын. Ал кадр бөлімі мен кәсіподақ ұйымдары жетекшілерінен тұратын арнайы комиссия 9 киіз үйді аралап, төрт номинация бойынша үздіктерді таңдады.  

Барлық жеңімпаздар мерекенің қорытынды сәтінде марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды. Атап айтсақ, ұлттық киімдер мен қолөнер түрлерін дәріптеу, ұлттық тағамдар әзірлеуде Семей және Жаңа-Семей станциясы, Семей жол дистанциясы және арқан тартыста айқын басымдықпен жеңіске жеткен Семей белгі беру және байланыс дистанциясы ұжымдарының шоқтығы биік болды. Мереке қалалық мәдениет сарайының өнерпаздары қойған концертке ұласты.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады