Шымкентте дәстүрлер дәріптелді

Аймақтар
28.03.2023, 11:02
Суретті түсірген автор

Шуақты көктеммен бірге наурыз мерекесін қарсы алған шымкенттік теміржолшылар ұлыс оң болсын, ақ мол болсын деп бір-бірін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Жүк тасымалы мен магистральдық желі бөлімшесінде басталған мерекелік іс-шара теміржол мекемелерінде жалғасты. Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясында өткен думан ерекше назар аударарлықтай қызықты, танымдық тұрғыда өтті. Онда «Беташар», «Тұсаукесер», «Сырға салу» сияқты қазақтың салт-дәстүрлерінен көрініс көрсетіліп, жұмысшылар арасында қазақ тарихына байланысты викториналық сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды. Ал жігіттердің арасында арқан тартыс, қол күрес, кір тасын көтеру сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтіп, жеңімпаздар арнайы жүлделермен марапатталды. Ұлттық киімдер жәрмеңкесі өтіп, өзінің ұлттық бас киімімен ерекшеленген Гүлмира Темірханқызы ерекше ілтипатқа ие болды. Әз Наурыздың жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болған дистанцияның кәсіподақ төрағасы Бауыржан Әбзенов мен кадрлар бөлімінің менеджері Алмагүл Ермановаға ұжым басшылығы атынан алғыс айтылды.  

Сабира БАЙЗАХОВА, Шымкент

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды