Өнерліге өріс кең

Аймақтар
28.03.2023, 11:22
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Наурыз мерекесі қарсаңында «Жүк тасымалы дарындары» байқауына қатысқан түбек теміржолындағы нәзік жандарды бөлімше бастығы арнайы қабылдады. Олардың бәрі де түрлі номинацияға ие болып, қаржылай сертификат, дипломдармен марапатталған.

Бірінен бірі өткен, үйде де, түзде де бесаспап аруларымыздың алтауы да шетінен өнерлі. Олардың бәрі – жұмысы мен отбасын қатар алып жүріп, оған қоса хоббиін кәсіпке айналдырып, қосымша табыс тауып жүргендер. Айталық, он жылдан бері теміржолда еңбек ететін Маңғыстау қосалқы бөлімінің өндірісті қамтамасыз ету секторының жетекші инженер-технологы, үш ұлдың анасы Айнұр Хисмет бос уақытында неше түрлі дәмді тағам пісіріп отбасын қуантуды жаны сүйеді және түрлі іс-шараға қатысып, өлең айтудан да хабары бар екен. Ал осы бөлімде жетекші есепші, өзін әр бағытта дамытып, он саусағынан бал тамған аспаз экономика магистранты Балжан Дүйсенбаева ше?! Анасының жолымен өмірін теміржолмен байланыстырған ару қолы қалт етсе, спортпен айналысып, түрлі елге саяхаттап, танымын толықтырып жүрген жайы бар.  

Отбасылық дәстүрді жалғап, ата-ана ізімен теміржолға қадам басқан Гүлсәнем Шамшиеваның да осы салада жүргеніне он жыл болыпты. Жолдасымен бірге ұл өсіріп отырған ол аталған байқаудағы «Алтын дауыс» иесі. 2014 жылы Маңғыстау теміржолындағы келіндер сынында «Керемет келін» атанған Гүлсәнем ән айтумен қатар шығармашылықпен де айналысады, өлең жазатын көрінеді.  

Ал теміржолшылар әулетінің тағы бір мүшесі Эльвира Аманжанқызының еңбек өтілі жиырма жылдан асады. «Қыз сыны» байқауларының жеңімпазы. Домбырамен күй тартып, киім тігу өнері бар. Бүгінгі хоббиі – кондитерлік сала, түрлі торт пісіреді. 15 шақты шеберлік сыныбына қатысып, алдағы арманы мұны кәсіпке айналдырып, отбасы бюджетіне қосымша кіріс кіргізсем дейді. Болашақта мықты кәсіпкер атануды армандайды.  

Ал «Тоқыма шебері» дипломын алған Жарасқан Түлкібаева болса 12 жылдан бері Маңғыстау станциясында еңбекті нормалау бойынша инженер-технолог. Оның бармағы бірігіп, саусағы жіпке тисе, неше түрлі көзтартар бұйымдар жасап шығарады. Бала күнінен қыз балаға қажетті қолөнерге әуестенген ол небір сәнді киімдерді оп-оңай дайындайды.

Жаңашылдыққа жаны құмар, заман ағымына ілесіп жүруді қалайтын болашақтық ару Нұрайна Тұрғанбаеваның өнері тіпті ерекше. Резинарт техникасын меңгеріп, көзтартар картиналарды сұранысқа сай әп-сәтте әзірлеп беретін ол Болашақ станциясында бір жылдан бері тауар кассирі. Еңбек жолын жаңа бастап жатқан келіншек күйеуімен бірге Болашақтан бақыт тапқан жастардың бірі.  

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды