«Алтын қорға» айналған кітапхана

Аймақтар
31.03.2023, 10:15
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе темір жолының техникалық кітапханасында 12 мыңға жуық кітап қоры бар. Мұнда нұсқамалық және әдістемелік кітаптардан бөлек сирек кездесетін салалық оқу құралдары, мерзімдік баспасөз тігінділері, сонымен қатар тарихи шығармалар мен көркем әдебиет те бар.

Теміржолшылар отырған ғимараттың бірінші қабатында орналасқан кітапхана оқырмандарға есігі әрқашан ашық, кіргеннен тек кітаптан шығатын ерекше спецификалық иісі баурап алады. Сондықтан жергілікті теміржолшылар мен студенттер жиі бас сұғатын орын.  

«Кітапхана – білім ошағы. Сансыз сұрақтардың жауабын кітапханадан іздеп таппасаң, қайдан табасың? Сондықтан біздің жұмыс қызу да қауырт жүріп жатады. Орталыққа тоқсан сайын есеп береміз. Келген кітаптарды электронды бағдарлама арқылы тіркеп отырамыз. Тұрақты оқырмандарымыз бар», – дейді техникалық кітапхананың бас кітапханашысы Базаргүл Жамалова.  

Бас кітапханашының айтуынша, келгендердің сұраған кітаптарын арнайы программа арқылы тауып беру мүмкіндігі бар. Бірде тіпті дипломдық жұмысына материал іздеген студенттің жоғын бүкіл кітапханашылар іздеу салып, бір-бірімен хабарласып жүріп тауып беріпті. Сондай-ақ «Қазақстан теміржолшысы» газетінің әр санын оқу үшін ғана арнайы келетін ардагерлер де осы жердің тұрақты «тұрғындары» екен.  

«Теміржолшылар арасында Ерлан Шуданов, Светлана Кембаева есімді тұрақты оқырмандарымыз бар. Олардың кітапқа деген қызығушылығы ерекше, әрбір жаңадан келген дүниені елдің алдымен оқиды, олардың сұрағанын дереу тауып беруге тырысамыз, оқырмандарымыз кітапхананы «теміржолдың алтын қоры» атайды, біз үшін одан өткен марапат жоқ», – дейді бас кітапханашы.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады