Қандыағаш станциясының өз ұстаханасы бар (Фото)

Аймақтар
07.04.2023, 11:29
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Төрт тарапқа қызмет көрсетіп тұрған Қандыағаш станциясының өз ұстаханасы бар. Күніне 30-40 тежегішті дәнекерлеп отырған, темірден түйін түйген шебердің жұмысына тәнті болдық.

Тоғыз жолдың торабында тұрған кластан тыс сұрыптау станциясында жүк айналымы аса қарқынды. Аймақтағы ірі компаниялармен жұмыс істейтін станцияда ГАЦ-АРС жүйесімен жабдықталған сұрыптау дөңесі, үш маневрлік аудан, автоматтандырылған басқару жүйесі бар. Жүк тасымалы бойынша рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді.  

Осындай қарбалас жұмыс қайнап жатқан станцияның бір бұрышында ұстахана тұр. Кіргеннен көзге шалынатыны – қаздай тізілген тежегіштер. Бірнеше қатар жиналып тұр. Әрі қарай ұстаның пеші, дәнекерлеу бұрышы тұр.  

Ұста Ғали Рысқұлов отқа қызған темірді сол қолындағы қысқышпен қысып, төстің бетіне қойып оң қолындағы балғамен ұрып түзетіп жатыр.  

«Әр күнде 30-40 тежегішті қыздырып, түзетіп, денекерлейміз. Бір тежегіштің салмағы 7 келі болады. Жөндегендерді санап, дайындап, журналға тіркеп қоямыз. Жарамайтындарын кесіп, металлоломға жібереміз. Жалғыз тежегіш емес, станциядағы басқа да шаруашылық бұйымдарын қалпына келтіремін. Сынған отырғыштарды бекітеміз. Тежегіштер қоятын тіреуіштер майысса да осында жөндеуге әкеледі», – дейді Қандыағаш станциясының ұстасы Ғали Рысқұлов.  

Салада 20 жылдай тәжірибесі бар маманның айтуынша, бүгінде ұсталық жасайтындар көп емес, себебі техника жетістіктеріне сүйенген өндіріс орындары оны кешегі кәсіп көреді. Бірақ ескіден жаңа, жоқтан бар жасайтын ұсталық кәсіп ешқашан өлмейді, ата-бабамыздан келе жатқан өлмес мұра деп санайды Ғали Рысқұлов.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады