Семейлік теміржолшыларды арнайы киіммен жабдықтауда кедергі жоқ

Аймақтар
18.04.2023, 11:39
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол саласында еңбекті қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Желі бойындағы әр еңбеккердің «бес қаруы сай» болуы маңызды. Бұл мәселе ұлттық компания басшылығының қатаң қадағалауында.

Жуырда Семей ЖТ бөлімшесіне «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еңбек мәселесі бойынша омбудсмені Наталья Панкова арнайы келіп, бірқатар мекемелерде жиын өткізді. Басқосуға салалық қызмет бойынша тек алғы шепте жүретін вагон қараушылар, локомотившілер, жолшылар сынды қарапайым еңбек адамдары шақырылды.  

Жиында еңбек қорғауға қатысты өзекті мәселелер қозғалды. Соның ішінде теміржолшылардың маусымдық қызметтік киімдермен қамтылуы айрықша сөз болды. Қазіргі таңда семейлік теміржолшылар үшін арнайы киім, құрал-жабдықтармен қамтуда ешқандай кедергі жоқ. Рас, жеткізіп берушілердің кесірінен шамалы кешігіп жететін кездері болады. Әйтсе де, киім-кешек, әсіресе былғарыдан тігілген аяқкиімдер, мақтадан әзірленген сырт киімдер өте сапалы. Наталья Александровна бірнеше теміржолшыны көпшіліктің алдына шығарып, қызметтік киімдерін толыққанды тексеріп, тіпті қандай матадан тігілуі керектігіне дейін тәптіштеп түсіндіріп берді.

– Омбудсмен ретінде айтарым, егер де қызметтік киімдердің сапасына көңілдеріңіз толмаса немесе еңбек мәселелері бойынша түсініспеушілік туындайтын болса кадр бөліміне немесе басқа да жауапты қызметтерге жүгініңіз. Егер олардың көмегі болмаса бізге, тікелей менің өзіме хабарласыңыздар, – деп жұмыс орнының және өз ұялы телефонының номерін берді.  

Айта кетерлігі, соңғы жылдары теміржолшылар тарапынан қызметтік арнайы киімдер бойынша жасалатын шағым біршама азайған. Биыл тек екі өңірден, Семей мен Маңғыстаудан ғана көңіл толмаушылық тіркеліпті. Аталмыш жайт бірден назарға алынған. Туындаған мәселе көп ұзамай шешіледі.  

Жиынға қатысқан теміржолшылар да сөз алып, бұрынғы жылдармен салыстырғанда жарақтандыру ісі біршама жақсарғанын, жылдан жылға оң өзгерістер орын алып жатқанын жеткізді. Кездесулерде сонымен қатар, жалақы мәселесі, ұжымда жағымды климат қалыптастыру, түсініктеме жазу сынды өзекті тақырыптар да сөз болды.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады