«Білім экспресінің» берері мол

Аймақтар
07.05.2023, 09:21
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Екі күнге созылған «Білім экспресі» тренингі жамбылдық теміржолшылар үшін жаңа дағды, жұмысты ұйымдастырудағы жаңашыл бағыттарды үйреткен шара болды.

Ұлттық компанияның имиджін көтеру, басшы мен қызметкер арасындағы байланысты нығайту, жұмысшының кәсіби қырын шыңдап, оның әріптестерімен коммуникативті байланысын арттыруды мақсат еткен тренингте төрт тренер дәріс оқыды.  

Ұлттық компанияның Адами ресурстарды басқару департаментінің НR-бизнес серіктесі Алма Сәулебаеваның айтуынша, бұл жоба қолға алынғалы екі жыл болған.  

– Жалпы, «Білім экспресі» ішкі жаттығу көшпелі мектебі әлемдік тәжірибедегі жұмыс берушілердің бірнеше қағидаларын басшылыққа алып отыр. Өйткені әлемде жұмысберуші алдымен жұмысшының қабілеті, қасиеті, ішкі дүниесі қандай, соған назар аударады. Ал оның кәсібилігін екінші орынға қояды. Неге десеңіз, жұмысшы өзінің кәсіби шеберлігін жұмыс істеу кезінде шыңдайды. Дегенмен, іскерлік қабілетті дамыту – қазіргі заман талабы. Айталық, ол басшы немесе жай ғана жұмысшы болса да өз ісінің шебері делік. Ал оның өз ортасымен байланысы қандай? Ұжыммен тіл табыса ала ма? Міне, осы мәселеде көптеген түйін бар. Сол түйінді тарқату мақсатында ұлттық компания осы тренингтерді жүргізуге қолдау көрсетіп отыр. Және бұл компанияға көп шығын әкелмейді. Өйткені біздің тренерлер оқуларды жергілікті жерге барып ұйымдастырады. Яғни «Есіктен-есікке» қағидасы. Біз 2019 жылы оқыдық. Алты айда өз жобаларымызды қорғап шықтық, сертификатымыз бар. Қазір бұл жоба бойынша белгіленген пул бар. Сондықтан биыл күнтізбе түздік. Бірінші тоқсанда Қарағандыда болдық, екінші тоқсанда Таразда, мамыр айында Алматыда боламыз. Тренерлер оқитын дәрістер таңдалып алынған тақырыптар – жүйке тұрақтылығы, кешенді басқару, тиімді коммуникация, күнделікті кездесетін мәселелер. Аудиториямыз да әртүрлі. Біз түрлі мекемелер мен цехтарда боламыз. Ондағы жұмысшылармен сөйлесеміз. Мәселелерін ортақ талқылауға шақырамыз. Тіпті кей мәселелерді ұлттық компания басшылығына жеткізіп, оның шешу жолдарын қарастырамыз, – деді Алма Тұрарқызы.  

Дәріс алған жамбылдық теміржолшылар әсері де ерекше болды. Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі техникалық бөлімінің басшысы Лашынгүл Күзербаева: «Дәрістер өте қызықты өтті. Ойын түрінде, сұрақ-жауап, мысалдармен өткен оқудан кім жалығады. Білсем, үйренсем дегенге ешқашан кеш емес екен», – деді.  

Тренинг екінші күні қорытындыланып, қатысушыларға сертификат табыс етілді. Ұйымдастырушылар мен қатысушылардың тілектері тыңдалып, ұсыныстары да ескерілді.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады