Ақтөбеде болат дайындамалары шығарылатын болды

Аймақтар
19.05.2023, 10:35
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде арнайы болат дайындамалар шығаратын теміржол кластері құрылады. Жоба құны 470 млрд теңгені құрайды.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың баяндауынша, өңірге инвестициялар тарту және қолайлы инвестициялық климат құру бағыттары бойынша қолға алынған бұл жобаның болашағы зор. Оның аясында елімізде алғаш болаттың арнайы дайындамаларын шығаратын кәсіпорын бой көтереді. Зауыт шет елдерден жыл сайын 1 млрд долларға сатып алынатын арнайы болат дайындамаларын өндіреді және импортты алмастыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.  

Сондай-ақ 800 метрлік жіксіз рельстер шығаратын «ПЗТМ LTD» ЖШС жұмысты бастайды. Жоба құны – 21,4 млрд. Сонымен қатар жоғары технологиялық темір жол дөңгелектерін шығаратын зауыт іске қосылады. «Ақтөбестил» ЖШС өңірде теміржол шаруашылығын арттырып, импорт тауарлардың орнын басады деп күтілуде. Жоба құны – 168 млрд теңге.  

Облыс әкімі құрылыс жұмыстарының құнын төмендетуге ықпал ететін цемент зауытын да салу жоспарланып отырғанын айтты. Өңірдегі тасымал жұмыстарының дені теміржол қызметінің еншісінде. Бершүгірдегі 12 қиыршық зауытының өнімдері түгелдей теміржол арқылы тасымалданады.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады