Балалар өлке тарихымен танысты (Фото)

Аймақтар
30.05.2023, 11:12
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» Батыс аймақтық филиалының директоры Бөріхан Беркімбаев теміржолшылардың балаларымен жергілікті мұражайды аралады. Өңірдің бас теміржолшысы халықаралық балалар күніне орай өткен кездесуде оларды теміржол тарихымен таныс болып, ата-аналарының кәсібіне терең бойлауға шақырды.

Батыс Қазақстан теміржолының тарихы ғана емес, мәдениеті, тұрмысы, елдің теміржол саласын қалыптастырған тау тұлғалы ардагерлердің еңбегі... Ақтөбедегі теміржол мұражайынан өткен күннің иісі бұрқырап тұр. Өткен күннен сыр шерткен ғасырлық тарихы бар жәдігерлер балаларға ерекше әсер етті. Әсіресе ескі паровоз, ағаш вагондар макеті, ескі теміржолшылар формасы, қызығушылықтарын арттырып, қолмен ұстап көрді. «Құрметті теміржолшы» марапатының алғашқы нұсқасына дейін сақталған екен. Ақтөбе теміржол вокзалының алғашқы нұсқасы, басқа да теміржолға қатысты фотоматериалдар, макеттер, сызбалар, диаграммалар мен карталар қызығушылық туғызбай қоймады.  

«Қазіргі таңда мұражайды 380-нен аса құжат пен экспонат бар. Батыс Қазақстан теміржол басқармасы басшысының бұйрығымен 1989 жылы жасақталған музейдегі жәдігерлер жергілікті теміржолшылардың күшімен, көмегімен жиналған», – деп таныстырды мұражай қызметкері Анар Жұбаева.  

Тарихи мекеннің төрт бірдей залын асықпай аралаған балалар Тәуелсіз Қазақстандағы жетістіктер – Қазақстанда баламасы жоқ Ақтөбе рельс-арқалық зауыты, Алтынсарин – Хромтау теміржолы, Бейнеу – Жезқазған магистралінің Шалқар – Тассай учаскесі бейнеленген макеттерді де қызыға тамашалады.  

Бөріхан Сматуллаұлы өз кезегінде балаларға олардың ата-аналары, ата-әжелері еңбек еткен сала, теміржолшы кәсібі, түрлі мамандықтар туралы әңгімелеп берді.  

«Батыс Қазақстан темір жолының тарихы, сендердің әкелерің мен аталарыңның еңбек жолы міне, осы жерде тұр, ертең сендердің араларыңда да теміржолшы болғысы келетіндер табылады, сондықтан сендер үшін бұл алғашқы танымдық дәріс десек те болады», – деді Бөріхан Сматуллаұлы.  

Балалар филиал басшысына түрлі сұрақтар қойып, өздерінің армандары туралы айтты. Шара соңында түрлі сыйлық пен тәттіге қарық болған балалар естелік суреттерге түсіп, ерекше әсермен тарасты.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады