Семейдегі жүк тасымалы бөлімшесінде көгалдандыру жүріп жатыр

Аймақтар
05.09.2023, 10:42
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы жыл семейлік теміржолшылар үшін экологиялық іс-шараларды нақты іспен жүзеге асыру жылы болды десек, қателеспейміз. Бұл орайда филиалдың жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты мекемелер жыл басында-ақ атқарылар жұмыстарды пысықтап, жүйелі жоспар құрып, қызу қарқынмен іс бастап кеткен болатын.

Экологиялық қауіпсіздік аясындағы шаралар әсіресе екінші жартыжылдықта жандана түсті. Бөлімше экологы Ерлан Сальевтің жетекшілігімен маңызды жұмыстар атқарылып, желі бойындағы барлық мекемелердің аумақтарында санитарлық тазалық баса назарға алынып, сенбіліктер өткізіліп, теміржол бойы, қос қапталы күл-қоқыстан арылған. Бүгінгі таңда осы шараларға жалпы көлемі мың жарымға жуық теміржолшы қатысып, 6 330 м2 алқап тазартылған. Десек те, жүргізіліп жатқан жұмыстар арасында айналаны көгалдандыру, яғни ағаш отырғызу ісіне басымдық берілуде. Соның аясында теміржолшылар қауымы «Семей орманы» мемлекеттік мекемесі орманшыларының көмегіне сүйене отырып, олардың тарапынан сыйға берілген 145 тал көшетін отырғызыпты. Қазіргі таңда сәнді шыршалар мекемелер аумағына көрік беріп тұр. Бұл шаралар орманшылармен тығыз ынтымақтастық аясында алдағы уақыттарда да осы қарқынмен жалғаса беретін болады.

– Теміржолшылар қауымы арасында экологиялық мәдениет қалыптастыру аса маңызды мәселелер қатарында тұр. Сол себепті бөлімшеміздегі барлық жұмыс орындарында «Экономия-экология. Өндірісте және тұрмыста суды үнемдеудің қарапайым 10 тәсілін қолданыңыз» атты арнайы акция өткізілді. Үгіт-насихаттық сипаттағы материалдар ілінді. Бұл шараның экологиялық қауіпсіздікті сақтаудағы маңыздылығы зор, – дейді бұл орайда Ерлан Сальев.  

Сонымен қатар аталған тақырып аясында арнайы техникалық дәрістер өткізіліп, оған желі бойындағы мекемелерде еңбек ететін қызметкерлер қатысқан.

Түйіндей айтқанда, экологиялық қауіпсіздік бағыты бойынша атқарылып жатқан шаралардың қатары артып, ол туралы түсінік те қалыптасып үлгерген.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті