Таза судан тапшылық болмайды

Аймақтар
06.10.2023, 09:25
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол бойындағы елді мекендер мен шаруашылықтарды сапалы ауыз сумен жабдықтауда әлі де атқарылатын жұмыс аз емес. Әсіресе таза су – жері шөлейтті саналатын Семей теміржолы үшін стратегиялық мәнге ие.

Қазіргі күні Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты шағын станцияларға «Теміржолсу-Аягөз» ЖШС қызмет көрсетеді. Бүгінде Бауыржан Үмбетов басқаратын бұл ұжымның соңғы жылдардағы жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Желі бойындағы көптеген станция-бекеттердегі су беру нысандары күрделі жөндеуден өтсе, №9 разъезд, Таңсық, Балықтыкөл, Таңсық сынды тағы бірқатар станцияларға су тұшытатын «Таза су» құрылғысы орнатылды.  

Дәл осындай ілкімді шаралар «Теміржолсу-Аягөз» мекемесінің Семей учаскесі бойынша да сәтімен жүзеге асуда. Соның нәтижесінде Семей теміржолы бойынша ауыз су төңірегінде айтарлықтай проблема жоқ. Өйткені Локоть – Семей телімі бойында орын тепкен 41-ші станция орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылса, Дүйсекен станциясында биыл бұрын-соңды болмаған күрделі жөндеу жүргізілді. Ал тұрғындар саны көп Жалпақ станциясына ауыз су модулі қойылып, бүгінде толықтай техникалық талаптарға сай жұмыс істеп тұр. Мұндай модульдер Өскемен өңіріндегі Аврора, Фестивальная сынды станцияларға да қойылыпты. Яғни Дегелең мен Локоть бағытындағы аталмыш желілер бойындағы ауыз су тасымалы толық жойылды. Осылайша, тепловозға, жанармайға үнем жасалды.  

Десек те, бүгінгі таңда «Теміржолсу-Аягөз» ЖШС бойынша желі бойындағы нысандарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу сынды тың шаралар қолға алынды. Жалпы, сушылар қауымының құрылыс-монтаждау ісі бойынша тәжірибесі мол саналады. Сондықтан болар, сынақ түрінде қолға алынған қанатқақты жоба зор нәтиже беріп отыр. Жолшылар, қозғалысшылар мойнынан ауыр жүк түсіп, өз жұмыстарымен алаңсыз айналысуға мүмкіндік алды. Келергі жылы егер шешім шығарылса, жөндеу жүргізілетін нысандар саны күрт артуы мүмкін.  

Әрине, сушыларға жүктелер қызмет – ауыз су сапасын ұдайы қадағалауда ұстау. Сондықтан да химиялық және бактериологиялық сараптама жұмыстары уақытында жүргізіледі. Бұл шаралар желі бойында қазіргі күні өтіп жатқан күзгі комиссиялық бақылау кезінде де назарға алынуда. Бүгінде сушылар өздеріне қарасты нысандарды қысқа даярлау жұмыстарын тиянақтап, аяқтау үстінде.  

– Теміржолшылар денсаулығы ауыз су сапасына да байланысты екендігі белгілі. Бұл ретте біздің ұжым шеберлері қалтқысыз еңбек етуде. Әсіресе «Құрметті теміржолшы», марқұм Қуат Есімханұлы басқарған жылдар «Теміржолсу» АҚ үшін мейлінше жемісті болды. Ауыз су беру ісінде өте ауқымды жұмыс жасалды. Түрлі бағдарламалар жүзеге асты. Оған бір ғана «Ауыл» станциясынан қайта ашылған су айдағыш мұнара мен «666 шақырым» елді мекеніндегі су колонкасын мысалға келтірсек жеткілікті. Сол кездері қауырт атқарылған жұмыстардың нәтижесін бүгін көріп отырмыз, – дейді бұл орайда «Теміржолсу-Аягөз» мекемесінің Семей учаскесі бойынша бастығы Сырым Сағымбаев.  

Су шаруашылығына маманданып, осы бір сауапты да игілікті істің шебері болу оңай емес. Ұзақ жылдар осы салада еңбек етіп, бүгінде өмірден өткен білікті шеберлер Бейбіт Баймолдаев, Сәбит Хамзиннің есімдері әріптестері арасында ұмытылмайды. Қазіргі күндері зейнетке шыққан Қанат Дауылбаев, слесарь Серік Жуханов, Өміртай Рахмадиев сынды ардагерлерге де құрметтері ерекше. Бүгінгі атқарылып жатқан шараларға осынау аға буынның қосар ақыл-кеңесі аз емес. Алда да кезек күткен жұмыс көп. Ендігі бағыт «Теміржолсу-Аягөз» ЖШСнің Семей учаскесі болып отыр. Болашақта Семей өңірінде таза суға тапшылық болмайды деп сендірді судың құлағын ұстаған мамандар.  

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады