Семейдегі «Бейбітшілік аралына пойыз қатынайды

Аймақтар
10.10.2023, 09:00
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Алдағы уақытта Семейдегі Ертіс өзенінің ортасындағы «Бейбітшілік» аралына пойыз қатынасын жүргізу қолға алынбақ. Бұл аралда ертеректе, яғни кеңес дәуірінде балалар пойызы болған. Ал жаңадан ашылатын бұл пойыз қалалықтардың барлығына да ортақ болмақ.  

Бұл жоба  жайында Абай облысы әкімінің көшпелі брифингі барысында БАҚ өкілдеріне кеңінен айтылды. Жергілікті атқарушы билік жолаушы тасымалын жүзеге асыруда автокөліктен жылжымалы құрамға ауысу шараларын қолдайды.

Қазіргі мәліметтерге сүйенер болсақ, рельстерді төсеу келер жылы қолға алынатын болды. Бүгінгі таңда топографиялық жұмыстар толық аяқталыпты. Сонымен қатар облыстық әкімдік тарапынан электр энергиясымен жүретін заманауи «паровоз» да сатып алынған. Ал оған лайықталған арнайы вагондар қазіргі таңда даярлану үстінде. Көп ұзамай Семей станциясына жеткізілетін болады.  

Сөз болып отырған ерекше жылжымалы құрам жаяу жүргіншілер көпірінен бастап, аралдағы барлық маңызды нысандар аралығында тұрақты қатынайтын болады. Атап айтсақ, Семей ядролық сынақ құрбандарын еске алуға арналған «Өлімнен де күшті» монументі, биологиялық орталық және аралдағы жағажай мен жеке сектордағы тұрғындарға да тұрақты түрде қызмет көрсетпек. Пойыздың іске қосылуымен аралға қатынайтын автокөлік қатынасына шектеу қою шаралары көзделуде. Ондағы басты мақсат – семейліктердің сүйікті демалыс орны саналатын, ерекше табиғаты бар әрі тарихи мәнге ие арал келбетін сақтап қалу болып отыр.    

Жалпы, аталмыш шара Семей өңірі бойынша қала маңы тасымалын дамыту шаралары аясында қолға алынып жатыр. Бұл орайда алдағы уақыттағы жүзеге асырылатын тағы бір келелі шара Семей – Шар станциялары арасындағы аптасына тұрақты түрде алты мәрте жүретін жолаушылар пойызын желі бойына шығару болып отыр. Болжамды шара таяу аралықта жүзеге асырылмақ.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады