Семейде қала маңы тасымалына тағы бір бағыт қосылады

Аймақтар
12.10.2023, 11:40
Суретті түсірген Александр Жабчук
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Соңғы жылдары ел шығысындағы теміржол саласында қолға алынып отырған  мәселенің бірі – қала маңындағы жолаушы тасымалын дамыту. Мәселен, Семей және Өскемен станцияларынан шығатын, шипалы Алакөл жағасындағы Жалаңашкөл бекетін бетке алатын жолаушылар пойыздары – осындай шаралардың нәтижесі.  

Бұдан шығатын қорытынды, Семей жүк тасымалы бөлімшесі бойынша қала маңы жолаушы тасымалының тың мүмкіндіктері жыл өткен сайын ашылып келеді. Туристік маусымдағы қатынайтын пойыз қозғалысы толығымен жолға қойылып, тиімділігі дәлелденді. Десек те, биылғы жылы қала маңы тасымалына тағы бір жаңа бағыт қосылмақ. Атап айтсақ, Абай облыстық әкімдігінің бастамасымен Семей қаласына жақын маңдағы елді мекендерге жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мақсатында теміржол қатынасын жандандыру тиімді деп табылып отыр. Яғни, қайтадан құрылған облыс орталығына жақын орналасқан халық саны ірі кенттерге тұрақты түрде жолаушылар пойызы жүргізілмек. Соның алғашқысы ретінде, Семей – Шар теміржол қатынасы бағытын жаңадан ашу көзделуде. Ал бұл маршрутты Абай облыстық әкімдігі қаржыландырмақ.

Айта кетер болсақ, жаңа бағыттың басты ерекшелігі сол, қала маңы пойызы екі станция арасында аптасына 6 мәрте қатынайды деп күтілуде. Мәселен, аталмыш бағыттың болжамды кестесі бойынша пойыздың Шар қаласынан шығу уақыты таңғы 6.30 болса, Семей қаласына келіп жету уақыты 9.00 екен. Ал Семейден кері шығу уақыты кешкі 17.00, Шарға жететін мезгіл 19.30 болып отыр.  

Аталмыш бастамаға әсіресе облыс орталығына іргелес Жарма ауданының тұрғындары зор қуаныш білдіріп жатыр. Себебі қыс басталысымен екі аралықта шығыстың ақшұнақ аязы мен ақтүтек боранына байланысты автомобиль қозғалысы қиындайтыны белгілі. Апталап байланыс болмай қалатын кездер де болады. Ал Семей мен Шар арасында Суықбұлақ сынды өзге де көптеген елді мекендер бар. Сондай-ақ Шар маңындағы жаңадан ашылған зауыттарда вахталық режиммен жұмыс істейтін жандар да көп. Демек, жаңа бағдар сәтімен іске қосылса, аймақ тұрғындары үшін тиімділігі мол болмақ.  

– Ендігі аралықта облыс орталығы Семей шаһары мен Шар арасында жолаушылар пойызы тұрақты қатынайды деген жағымды жаңалыққа қуанып қалдық. Аталмыш шара іргелі Шар кентінің қала статусын алғанына 60 жыл толуына орай іске асырылады екен. Аймақ әкімдігі мен ұлттық компания өзара келісімге келіп, тезірек жүзеге асса екен деп тілеп отырмыз, – дейді Шар станциясының тұрғындары.  

Бұл іргелес Көкпекті ауданы тұрғындары үшін де тиімді болар еді. Десек те, семейлік теміржолшылар арасында бұл жобаға күмәнмен қарайтындар да бар. Біріншіден, жаңа бағыт өзін-өзі ақтамауы мүмкін. Оның басты себебі, Шар қаласы күре жолдың үстінде орналасқан. Семей мен Өскеменнен ағылған барлық жолаушылар пойызы осында аялдайды. Мұның сыртында әлі нақтыланбаған өзге де факторлар болуы ықтимал.  

Десек те, жергілікті теміржолшылар қауымы егер жоғарыдан пәрмен босла, жаңа кесте құрып, нұсқаулыққа сәйкес әрекет етуге әзір. Бұл орайда қала маңы тасымалының жаңа деңгейге көтерілуі үшін күш салу қажеттігі туындайтыны анық.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады