Тоғыз айдағы табыс

Аймақтар
24.10.2023, 09:33
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Мұнайлы аймақтың қос ішектей тартылған темір жолымен ерсілі-қарсылы жүйткіген пойыздар қозғалысы тасымал көлеміне оң ықпал етуде. Өткен тоғыз айда Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша көрсеткіш – осының айғағы.

9-ы жоспарға сай орындалған. Бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлім бастығы Азиз Айжарықовтың айтуынша, жүк айналымы тоғыз айда 98,9 % межесінен көрінген, яғни 7347 млнткнеттоны құраған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл әлдеқайда ілгері көрсеткіш. Жүк тиеу 101,8, ал вагон айналымы 100,7 пайызды құрады. Жүк тиеу жоспарының орындалуына мұнай өнімдерінің толассыз тасымалы, зауыттардың қалыпты жұмысы, экспортқа шығатын өнімдердің үздіксіз шығарылуы нәтижесінде қол жеткізілген. Өңірде сондай-ақ «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес Атырау-Астрахань тас жолы салынып жатыр. Оған керек құрылыс материалдары: құм, щебень, цемент, т.б. темір жол арқылы тасымалданып, жүк көлемінің артуына үлес қосып отыр. Халық тұтынатын тауарлардың да көлемі артып келеді.  

Дегенмен, маманның айтуынша, соңғы кездері Ресей жақтан келетін ауыр салмақты пойыздар, транзитті вагон ағымының саны азайған, көбіне жеңіл салмақты вагондар келеді. Мәселен, Қиғаш түйіспесі арқылы тәулігіне 570 вагон орнына 394 вагон келіпті, ол 3 құрамға кем. Локомотив жүрісі 90,1%-ды құраған. Атырау – Қиғаш, Мақат – Құлсары бағытында жолды күрделі жөндеу жұмыстарының жүруіне байланысты жылдамдықты шектеуге үш мыңнан астам ескерту, жол жөндеу машиналары мен ЭЧ, ШЧ мекемелерінің жұмыстарына байланысты 718 технологиялық және күрделі жөндеуге байланысты 58 «толаскез» берілген. Мұндай жағдайда пайдаланым жүк айналымымен қоса, жүк вагоны өнімділігі, вагонның орташа тәуліктік жүрісі, вагонның статистикалық салмағы, бір жүк операциясына вагонның тұруы, локомотив жүрісі, пойыздың учаскелік жылдамдығы, пойыздар қозғалысының техникалық жылдамдығы сынды басқа да көрсеткіштер төмендейді. Бөлім бастығының атап өткеніндей, өңірдегі станцияларда жүк операциясына және транзиттік вагондардың тұрып қалуы, сондай-ақ тастанды вагондар саны да артқан. Негізінен локомотивтердің бұзылып қалуы және жеке тасымалдаушылардың локомотивтерінің жетіспеушілігінен осындай жағдайлар кездеседі.  

Әйтсе де, негізгі қызмет, яғни тасымал бойынша қаржылай табыс көлемі былтырмен салыстырғанда 60,7% немесе 17 млрд 829 млн 121 мың теңгеге артық болып отыр. Жүк пойызының орташа салмағы 3953 тнбрутто, 98,9%. Айта кетерлігі, аймақта жолдардың сапасы жақсарып келеді. Биыл өңірде жүз шақырым жол күрделі жөндеуден өтті. Жылдамдықтың артуына, қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына жол сапасы үлкен сеп екені айтпаса да түсінікті.  

 

Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап