Маңғыстаулық теміржолшылар алғыс-құрметке ие болды

Аймақтар
27.10.2023, 09:34
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Республика күніне орай Маңғыстау темір жолында өткен салтанатты шара марапаттауға ұласып, еңбегі еленген қызметкерлер түрлі дәрежедегі алғыс-құрметке ие болды.  

Маңғыстау қосалқы бөлімінің бас ғимаратында мемлекеттік мереке құрметіне ұйымдастырылған салтанатты жиында қосалқы бөлім бастығы Нәжімеден Ғұбашов көпшілікті мемлекеттің ең ұлық мерекесімен құттықтады. Егемендіктің бастауы болған бұл атаулы күннің еліміздің тарихында алатын орнына тоқталып, мемлекетіміздің мерейлі, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуын тіледі. Осы жолда аянбай еңбек етіп, түбек теміржолын дамытуға өз үлестерін қосып жүрген сала қызметкерлеріне алғысын білдірді.  

Сала кәсіподағының Маңғыстаудағы өкілі Сәрсенбай Есенқұлов та өз кезегінде көпшілікті құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.  

– Әр мерекенің өзіндік орны бар. Дегенмен Республика күнінің мәртебесі жоғары. Баршаны осы еліміз үшін ең маңызды тарихи күнмен құттықтаймын. Ел экономикасының күретамыры Қазақстан темір жолының дәулетін тасытып жатқан теміржолшылар еңбегі қашан да ерекше алғысқа лайық, – деп атап өтті кәсіподақ өкілі.  

Жиын әрі қарай марапаттау рәсіміне ұласты. Бірқатар теміржолшылар «Үздік маман», «Адал еңбегі үшін» төсбелгілерін иеленіп, тағы бірқатары Құрмет грамоталары мен Алғыс хат алды. Жиын теміржолшы өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады