Байланыс дистанциясы тосын жағдайлардың орын алуына жол бермеді

Аймақтар
22.01.2024, 10:11
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының ұжымы өткен жылы пойыздар қозғалысында қауіпсіздіктің сақталуына өз үлестерін қосып,  тосын жағдайлардың орын алуына жол бермеді. 

Дегенмен дистанциялықтар барлық жұмыс техника мен құрылғылардың сенімділігіне байланған салада болуы мүмкін күтпеген жайттар орын алуы мүмкін екенін жасырмайды. Дистанция басшылығы кез келген жағдайда қиындықтан жол таба білетін ұжымның тәжірибелі мамандарының шеберлігіне сенімді.   

– Дистанцияның төрт жүз шақырымнан асатын пайдалану аумағындағы байланыс құрылғыларының күнделікті кідіріссіз жұмыс жасауы біз үшін бірінші кезектегі Телімдердегі байланыс құрылғылары, СОБ, автобұғаттау нысандары, диспетчерлік және электрлік орталықтандыру желілері және өзге де құрылғылардың жұмыстан тыс қалмауы жұмысымызға сын болады. Сондықтан байланыс тетіктерінің талапқа сай жұмыс жасауы үшін күні-түні жұмыс жасаймыз, кемін толтырамыз, ақауын жөндейміз. Теміржол саласында сәл ғана ағаттық бүкіл ұжымның жұмысын еш қылуы мүмкін болғандықтан «теміржолда кішкентай нәрсе болмайды» қағидасымен жұмыс жасауға үйренгенбіз. Жалпы өткен жылы жоспарланған жұмыстардың дені орындалды, – дейді техникалық бөлім басшысы Нұрлан Жүсіпбаев.

Өткен жылдың соңғы тоқсанында байланыс құрылғыларының бабын жасауда біршама ауқымды жұмыстар атқарылыпты. Жұмыстың дені дистанция телімдерінде жасалынған. Мәселен, Шиелі станциясындағы маневрлік М46 мен М32 бағдаршамдарының қондырғылары жаңартылса, 16-бекетте диспетчерлік орталықтандыру желісіндегі кіріс бағдаршамы Ч жәшігінің кабельдік қорабы алмастырылған. Қызылорда мен Шиелі станцияларында 10 бағыттамалы бұрманың электрлі жетегі монтаждалған. Белкөл – Бірқазан станциялары аралығындағы ШРУ релелік шкафының №2/9 сигнал нүктесі ШРУ-М шкафымен жаңартылған. Шорнақ – Түркістан станциялары аралығындағы екі жолақты дұрыс емес жолда қозғалысты уақытша реттеу Шалқар тәсілімен ұйымдастыру сызбасы әзрленіп, тақ және жұп бағыттағы қозғалыс АЛС сигналдарымен реттелген. Телімнің 3084 шақырымдағы өткел шлагбаумының ПАШ типті электрожетегі ауыстырылыпты. Осындай ағымдық күтім, құрылғылардың технологиялық талапқа сай бабын жасау жұмыстары биылғы жылдың да басты жоспарында тұр.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды