Теміржолда 45 жыл еңбек еткен Алтай Көбегенов құрметті демалысына шықты

Аймақтар
11.03.2024, 13:28
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қырық бес жыл өмірін өлке шойын жолының өркендеуіне арнаған  азаматтың бірі – Атырау станциясының бастығы Алтай Көбегенов. Құрметті теміржолшыны әріптестері құрметпен зейнет демалысына шығарып салды.  

Атырау қосалқы бөлімінің бастығы Аслан Базарғалиев табан аудармастан 45 жыл еңбек еткен Алтай Көбегеновке ақжарма тілегін білдіріп, ұжым алдында оған Алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

Зейнеткер ағамыз еңбек жолын Ақтөбе теміржол бөлімшесінде №142 бекет кезекшісінен бастаған. Жұмысқа біраз жыл машықтанған соң оқуды ойлап, институттың күндізгі бөліміне құжат тапсырады. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Теміржол көлігін ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша бітіріп, жолдамамен Атырауға келеді.  

Теміржолшылар отбасынан шыққан ол әулеті салған сүрлеуде еңбек жолын жалғастырып, теміржолдың түрлі қызметін абыроймен алып жүрді. Құлсары станциясында пойыз құрастырушы бола жүріп, дөңес кезекшілігіне ауысады. Кейін маневр, пойыз диспетчері, бас инженер, Мақатта станция бастығы лауазымдарын атқарады. Жылдар тезінде тәжірибе жинақтап, кәсіби маманға айналды.  

Төрт жыл Атырау жол бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары қызметінде жүргенде білікті басшы қатарынан табылып, жұмысты ұтымды ұйымдастыра білді. Мақат ауданы мәслихатының депутаты болғанда қоғамдық өмірге белсене араласып,  ауданның күрмеулі әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге қажырлық танытқанын жұрт жақсы біледі. 2005 жылы «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған Алтай Көбегеновтің суретін ҚТЖ-ның «Құрмет тақтасынан» да көре аласыз.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті