Семей магистральдық желі бөлімшесінің 8 аумағында қызыл су басу қаупі бар

Аймақтар
12.03.2024, 11:55
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Еліміздің шығысы өзен-көлдер мен су қоймаларының саны бойынша республикада алдыңғы орында тұр. Сәйкесінше, Семей ЖТ бөлімшесі көктемгі су тасқыны қаупі аса жоғары аймақта орналасқан. Қазір теміржолшылар үшін аса маңызды кезең басталды. Желі бойында көктемгі су тасқынына байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілуде.

Соңғы көрсеткіштер бойынша бөлімшедегі «солтүстік тармақ» бойынша қатқан тоңның қалыңдығы – 117 см, Жаңа-Семей – Дегелең телімінде 160 см болып тіркелген. Бұл еріген қар суы жерге сіңе алмай, сай-саланы қуалап, желі бойына, теміржол инфрақұрылымдарына қауіп төндіруі мүмкін деген сөз. Осы орайда теміржолшылар қауымы жоспарға сәйкес жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аймақтағы тірек гидротехникалық нысандардың жай-күйіне мониторинг жүргізу шараларына назар аударуда. Яғни арнайы құрылған жұмыс тобы өңірдегі еріген қар суы жиналған аймақтарды, соның ішінде биылғы жылғы су тасқыны кезеңінде ықтимал қауіпті орындарды тексеруде.  

Бүгінде өңір бойынша барлығы жүзге жуық гидротехникалық құрылыс бар. Оның біршамасы желі бойына таяу орналасқан. Әсіресе Шар – Жарма – Үшбиік телімдері біршама алаңдатып отыр. Себебі наурыз айының 10-ы күнгі көрсеткіш бойынша аталмыш аумақта 7 градусқа дейін күннің жылынуы байқалған. Әйтсе де, дәл қазіргі күні теміржол нысандарына төніп тұрған қауіп жоқ.  

Бүгінде Семей магистральдық желі бөлімшесінің 8 аумағында қызыл су басу қаупі аса жоғары. Осы ретте НЖС-6 бөлімшесіне тиесілі 440 көпір, 368 құбыр, 181 км арық, 1216 км су жүретін арналар қардан толық аршылып, тазаланған. Сонымен қатар көктемгі сең жүру және қызыл су тасқынының алдын алып, қажет жағдайда шұғыл жұмылдыру мақсатында қажетті техникалар да әзірленген.  

Айта кетерлігі, теміржолшылар төтенше жағдай туындай қалса, құтқарушылармен және жергілікті атқарушы билік өкілдерімен бірлесіп әрекет етуге тастүйін дайын отыр. Мәселен, қазіргі таңда бөлімше көлемінде көктемгі су тасқынына қарсы жедел әрекет ету үшін 1285 адам және 460 бірлік техника, 11 жүзу құралы, 161 су құрылғысы дайындалыпты. Төтенше жағдайлар кезінде адамдарды эвакуациялау үшін облыс аумағында 4400 орындық 37 уақытша орналастыру пункті орналасқан. Яғни аталмыш бағытта аймақ әкімінің назарға алуымен бірқатар жұмыстар жүргізілген.  

Биылғы жылы Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежановтың тікелей бастамасымен көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары қауырт жүргізілді. Мәселен, алдағы уақыттарда бөлімше бойынша 5 арнайы пойызды жасақтап, желі бойына шығаруға мүмкіндік бар. Бұдан өзге темірбетонды шпалдар бар. Инертті материалдар қоры да жеткілікті.  

Десек те, Семей ЖТ бөлімшесі бойынша көктемгі қызыл су алу қаупі ең жоғары аймақтар ретінде Жаңа-Семей және Аягөз жол дистанциясының қарамағындағы телімдер қатаң түрде назарға алынған. Жолшылар қауымына күш түсіп тұр. Локомотив бригадаларына да қырағылықты арттыру тапсырылған.  

Семей бөлімшесі бойынша жалпы саны 89 қауіпті орын бар. Осыған орай су шаруашылығы нысандарымен байланыс күшейтілген. Қажетті жағдайда желі бойындағы кейбір телім бойына тәуліктік кезекшілік орнатылатын болады.  

 

Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді