Атырау облысы аумағында су деңгейі тұрақты

Аймақтар
02.04.2024, 12:09
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда Атырау облысының аумағында су деңгейі тұрақты. Дегенмен, облыс елдімекендерінде су тасқынының негізгі қаупі Орынбор облысындағы Ириклинск және Волгоград су қоймаларынан судың көп келуіне, сондай-ақ өр, еріген қар суларының артуы салдарына байланысты болып отыр.

Сала мамандарының мәліметінше, әзірге темір жолға төнген қауіп жоқ, бірақ сақтық шаралары жасалып отыр. Жалпы, су тасқынына қарсы 2024 жылға жергілікті бюджеттен 2 млрд 374 млн бөлініп, оның ішінде 1 млрд 358 млн теңге төтенше қорға, 1 млрд 16 млн теңге шұғыл шығындарға қаралған. Көктемгі су тасқынына қарсы 17 тонна жанар-жағар май, 48,5 тонна инертті материалдар дайындалып, 1 153 адам, 303 техника, 16 дана жүзгіш құрал және 107 дана мотопомпа жұмылдырылған.  

«Жолды су шайып кетуге қарсы 2 пойыз жасақталды, олар Ганюшкино мен Құлсары станциясында орналасқан» деген Атырау магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Аманқос Жылқыбаев көктемгі сел тасқыны, өр, жаңбыр сулары ағысы кезінде жолдың, жол төсемінің және жасанды құрылыс кешендерінің сақталуына қатысты техникалық іс-шаралар өз деңгейінде орындалып жатқанын жеткізді. Облыс аймағындағы темір жол торабы бойынша негізгі жолдың ұзындығы – 555,8 шақырым. Бөлім шенің қызмет көрсету учаскесінде жол аралығында 56 көпір, 204 темірбетонды су құбыры бар. Атырау облысы аумағында негізінен Жайық өзені өтеді, сондай-ақ Қиғаш, Жем, Сағыз, Ойыл өзендерінің де тасуы мүмкін, ауа райының жылуына байланысты біртіндеп еріп жатыр. Каспий теңізі де бүйірде тиіп тұр. Биылғы жылы жауған қар көлемі жылдағыдан көп болмағанымен, су негізінен Ресейден ағыспен келетіндіктен, су тасқыны болуы ықтимал. Әсіресе Ресеймен шектес Қиғаш өзенінен қауіп бар. Соған орай бүгінде бөлімше бойынша сақтық жұмыстары ұйымдастырылып, су тасқыны үшін вагондармен келген жабдықтар Ганюшкино станциясында тұр. Атырау облысы аймағына қарасты теміржол торабы бойынша су шайып кетуге қарсы 2 поезд құрамы, 14 вагон жасақталған. Оның ішінде Атырау жол дистанциясы бойынша 2 вагон, Құлсары дистанциясы бойынша 5 вагон, шебін, құм, құрал-жабдықтар тиелген 7 вагон Ганюшкино станциясына, 7 вагон Құлсары станциясына бекітіліген.  

Наурыз айының басында Ганюшкино станциясына жақын Шортанбай және Дыңғызыл селолық округтерінің қауіпті деген учаскелеріне барып, тексеріп, нәтижесінде су ағатын жүйелерді қосымша тазарту жұмыстары жүргізілген. Жалпы өңірде су тасқыны қаупін болдырмау үшін қажетті заттар дайындалды, тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша келісімшарттар жасақталды. Мамандардың пікірінше, соңғы жылдары Жайық өзенінің деңгейі төмен. Биыл Атырауда қар көлемі әдеттегі мөлшерден аспады, бірақ жауын-шашын көп болды. Көктемгі су тасқыны аймаққа еш зиянын салмай өте шығады екен деп қаннен-қаперсіз отыруға тағы болмайды. Қазірдің өзінде Миялы селосында 1486 текше метр су сорылған. Сондықтан қала-аудандардағы арнаулы техникаларды, тасқынға қарсы тұрғызылған бөгеттерді жөндеу, елді мекендердің қауіпті аймақтарына топырақ, қапшық, жанар-жағармай жеткізу, темір жол бойын су тасқынынан сақтау шаралары алынды.  

«Қазірде жасанды құрылыс кешендері, көпірлер, темірбетонды тұрбалар, кюветтік су жүрісі жыралары қардан, қоқыстан тазартылып, күнделікті күтіп-ұстау, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Су тасқыны кезінде шайып кету қаупі бар көпірлер мен тұрбалар күнделікті диспетчерлік бақылауға алынған. Жасанды инженерлік құрылыстар жіті назарда», – дейді Атырау қосалқы бөлімінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженері Нұрлан Сұлтанғалиев.

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды