Атырауда методикалық сабақ өтті

Аймақтар
12.04.2024, 09:06
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Атырау қосалқы бөлімінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының қатысуымен техникалық-методикалық сабақ өтті. Шараны азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімі ұйымдастырып, оған станция, вагон, локомотив деполары, бөлімге қарасты барлық құрылымдар өкілдері қатысты.  

Методикалық сабақтың теориялық бөлімінде облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Ардақ Утенов «Азаматтық қорғаныс дегеніміз не?» деген тақырыпта слайд арқылы көрнекі түрде дәріс оқыды. Яғни, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағлайлар, жер сілкінісі, өрт қауіпсіздігі, газдан улану, суға кеткен адамды құтқару, қандай да бір апатқа ұшыраған адамға алғашқы медициналық көмек көрсету қағидаларын түсіндірді. Қатысушыларға ситуациялық сұрақтар қою арқылы лекцияны жандандырып, тыңдаушының қызығушылығын тудыра білді. «Мәселен, Алматыдағы жер сілкініс кезінде 48 адам жарақат алған. Оларға залал жер сілкінісінен келген жоқ,  негізінен баспалдақпен түсу кезінде, 2 не 3-ші қабаттан секіру, бірін-бірін қағып кету, басып кету сынды жағдайларда жарақат алған. Ал ондай кезде адам өзін дұрыс ұстап, сауатты қимылдап, басқаларға зиянын тигізбеу т.б. қағидаттарды білуі шарт» дейді мамандар.

Практикалық бөлімінде ТЖД Жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Берікқали Айдаров, Апаттар медицина орталығының дәрігері Айгүл Мырсейтова өздері және теміржолшыларды қатыстыру арқылы алғашқы медициналық көмек көрсету қағидасын, сондай-ақ түтінге не газға уланғанда, өрт шыққанда, суға кеткенде, суға тұншыққанда, т.б. төтенше жағдайларда қандай іс-әрекет жасау керектігін көрсетті. Себебі көбінесе адамдар алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі білімінің жоқтығынан жанындағы адамдарға, көмек  көрсете алмай жатады. Мамандар сондай-ақ көлік апаты кезінде, аяғы не қолы сынған сәтте қандай әрекет жасау, вена мен артерия қан тамырларының айырмашылығы, қанды қалай тоқтату, көз қарашығының жарық сезгіштігін, тамыр соғысын қалай байқау, т.б. көптеген әдіс-тәсілдерді іс жүзінде көрсетті.  

-Мұндай әдістемелік сабақты биыл бірінші рет ұйымдастырып отырмыз. Жалпы, төтенше жағдайлар кезінде апаттың алдын алу не аман қалу адамдардың әрекет етуіне, яғни құтқару біліктілігіне байланысты екені рас. Сондықтан осындай методикалық сабақ өткізген облыстық ТЖД мамандарына үлкен ризашылығымды білдіреміз, - дейді Атырау қосалқы бөлімінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженері Нұрлан Сұлтанғалиев.

 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді