Жүз жасаған жауынгерді құттықтады

Аймақтар
13.05.2024, 12:50
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

9 мамыр күні хромтаулық соғыс ардагері, кешегі теміржолшы Василий Грецкийдің шаңырағында той болды. Өйткені хромтаулықтар жеңіс күнін ардагердің ауласында атап өтті. Жүзге келген қарт майдангерді облыс әкімі, әскерилер мен теміржолшылар және қала тұрғындары құттықтап барды.  

Никельтау жол дистанциясының бастығы Қайрат Танабергенов бастаған теміржолшылар мен кәсіподақ өкілдері де ардагерді құттықтап, әңгімесін тыңдап қайтты.    

Президенттің құттықтау хатын табыстаған Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров соғыс ардагерінің пәтеріне күрделі жөндеу жасалатынын айтты.  

Ғасыр жасаған қария әлі де тың. 

«Елде тек тыныштық болсын. Қайғы-қасірет болмасын. Ұрпақ ашық аспан астында өмір сүрсін. Бұл жеңістің оңай келмегенін ұмытпау керек», – деді майдагер.  

Василий Грецкий Ақтөбе облысында қалған жалғыз соғыс ардагері. 100 жастағы майдангер Хромтау ауданында тұрады. Қария таңғы жаттығуын жасап, салауатты өмір салтын сақтауды әдетке айналдырған.

«Әкем өзінің белсенді өмір салтының арқасында осы жасқа жетіп отыр. Күнделікті жаттығу жасайды. Ол сабырлы адам. Дауыс көтермек түгілі, жаман сөз айтып көрмеген. Бақытты балалық шағы болмаған. Есейгенде соғысқа кетті.   Анаммен 65 жыл бірге тұрды. Өте жомарт, қайсар азамат», – деді майдангердің қызы Наталья Жемчужина.  

Василий Грецкий 1924 жылы Беларусь елінде дүниеге келген. Он бір жасында әкесі қуғын-сүргінге ұшырап, 3 ағасы, 2 әпкесімен бірге Қазақстанға жер аударылады. Жастайынан еңбекке араласып, бауырларымен  Шу даласында мақта терген. Соғысқа әуелі ағалары, кейін өзі аттанған.    

Василий Иванович Белоруссия, Украина, Польша елдерін азат етуге қатысқан. Жеңісті Берлин түбінде қарсы алған жауынгер соғыста үш рет жараланған. Қарт майдангердің омырауында «Қызыл жұлдыз», II дәрежелі Отан соғысы ордендері жарқырайды. 1946 жылы елге оралып, 40 жылдан аса теміржол саласында еңбек етті. Үш бала өсірді. Бүгінде олардан 6 немере мен 13 шөбере сүйіп отыр.

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?