Белгі беру-байланыс құрылғыларына күнделікті күтім жасалады

Аймақтар
20.05.2024, 12:02
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Осы жылдың басынан бері Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы тарапынан қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына әкелген апатты оқиғалар орын алған жоқ. Дистанция басшысы Аман Кубенов жоспарлы жұмыстар кесте бойынша жүргізіліп жатқанын жеткізді.  

Дистанцияның техникалық бөлімінің бастығы Нұрлан Жүсіпбаев берген мәліметке сүйенсек, өндірістік жұмыстар кезінде салалас мекемелерге тиісті  құрылғылардың жұмыстан тыс қалуы себепті электр күшінің іркілісі бір мәрте тіркеліпті. Жұмыс кезінде негізгі сигнал беру құрылғыларының оқыс жабылып, жұмыстан тыс қалуы тіркелмеген, вагондарға жабысып немесе сүйретіліп келе жатқан бөгде заттардың бар-жоғын тіркейтін УКСПС, КГУ құрылғыларының белгі беруі болмаған.  

– Белгі беру-байланыс құрылғыларына күнделікті күтім жасалады. Құрылғылар жоспарлы түрде жаңартылып отырғанмен, қызметі маңызды, көнерген құрылғылар  ескірген, олар ерекше күтімді қажет етеді. Ауық-ауық жөндеуге түсетін кейбір  құрылғылардың «жасы» жиырма жыл мен қырық жыл аралығында. Біздің механиктердің шебер қолдарының арқасында олар әлі күнге жұмыс жасап келеді, күтімі келіссе әлі де қызмет көрсете бермек, – дейді техникалық бөлімнің бастығы.

Айтуынша ЭЦ бағыт шеңбері, АБ перегоны және 600 шақырымға жуық аумақтағы байланыстың кабельдік желілері көптен ауыстырылмағандықтан ескінің көзі жәдігерге айналған. Көктем шыға дистанцияда жұмыс қызған, техникалық күтім және ағымдық жұмыстар барысында телімдерде кешенді жұмыстар жүргізген. Мәселен, Қызылорда станциясында 76 бағыттамалық бұрманың бағыттаушы қорабы және 39 бағыттамалық бұрманың СП-6 типті электрожетегі ауыстырылған. Осындай жұмыстар дистанцияның Шорнақ пен Жосалы станциялары аралығында да жалғасып жатыр.    

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады