Қытайдан келген делегация «Аягөз-Тачэн» теміржол желісінің құрылысымен танысты

Аймақтар
11.07.2024, 15:55
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Қытай халық республикасы Шыңжаң ұйғыр автономиялы ауданынан келген делегация Абай облысына сапары аясында «Аягөз – Тачэн» үшінші теміржол желісінің құрылыс барысымен танысты. Облыстық әкімдікте өткен басқосуда Бақты шекара бекетінің инфрақұрылымын дамыту, жүк кедендік ресімдеу жөніндегі жоспарларды үйлестіру және өзге де мәселелер қаралды.

Жиынға Семей ЖТ бөлімшесінің бастығы Алмас Сейсемқанов, Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежанов және облыстық басқармалар басшылары қатысты.

Кездесуде көршілес екі ел аймақтары арасындағы жолаушылар қатынасын жандандыру, шекара бекеттеріндегі өткізу мүмкіндігін арттыру, жүк тасымалы бойынша өзара іс-қимыл тетіктері, трансшекаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық, көлік және логистика мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, өткен жылдың 20 желтоқсанында «Бір белдеу, бір жол» тұжырымдамасы аясында басталған, ұзындығы 272 шақырым болатын жаңа Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысы жайлы да кеңінен сөз болды. Бұл орайда аймақта ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, аймақ әкімдігі Бақты құрғақ портты салуды қоса алғанда, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін резервке алу жұмыстарын жүргізді. Десекте, бүгінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу шеңберінде техникалық-экономикалық негіздемеге түзетулер енгізілуде. Құрылыс барысы тек осыдан соң ғана күрт қарқын алмақ. Аталған жоба 2027 жылға дейін аяқталады деп күтілуде.  

Сонымен қатар, жиын барысында аталып өтілгендей, құрылысы қолға алынған жаңа теміржол желісі Қазақстан мен Қытай арасындағы өткізу қабілетін 28 млн-нан 48 млн тоннаға дейін ұлғайтуға, оңтүстіктегі өткізу бекеттеріндегі кептелістерді жоюға және қосымша транзит көлемін тартуға мүмкіндік береді. Құрылыс барысында жаңа желінің бойында 11 станция, 47 көпір, 23 теміржол және 8 автомобиль өткелі, 5 жаяу жүргіншілер көпірі, 16 бақылау құрылыстары салынады. Осы мақсатта отандық өндірушілерден 500 мың бірліктен астам шпал және 36 тонна рельс сатып алу да таяу болашақтың еншісінде тұр. Жергілікті қамту кем дегенде 85% құрайды деп күтілуде.  

Қытайлық делегация сонымен қатар, Семей ЖТ бөлімшесінің Семей станциясы қызмет көрсететін өсімдік майы мен басқа да өнімдерді өндіріп, экспорттайтын «Qazaq Astyq» зауытында болып, жұмыс барысымен танысты. Емдеу-сауықтыру және экологиялық туризм саласы бойынша Қазақстанның ТОП-20 туристік курорттық аймағы қатарына кіретін Алакөл жағалауына да  қызығушылық танытты.   Курорттық аймақты дамыту мақсатында Жол картасы шеңберінде жұмыстар жалғасуда.

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды