Отбасы жауапкершілігі жоғары

Аймақтар
12.07.2024, 11:23
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

«Отан отбасынан басталады» демекші, отбасы тыныш, үй-күйінің жағдайы жақсы адамның ой-санасы да тұрақты, жұмысқа аударар ынтасы да жоғары болатыны бесенеден белгілі. Сондықтан Маңғыстау локомотив депосында машинистердің отбасындағы тірегі анасымен не  жұбайымен кездесу өткізу дәстүрге айналған.

Өйткені, қозғалыс қауіпсіздігіндегі басты тұлға локомотив бригадаларының  өнімді жұмыс істеуіне отбасы жауапкершілі жоғары.  Шаңырақтың сәні мен мәнін келтірер ақ жаулықтылардың түздегі ер азаматтардың алаңсыз еңбек етуіне жағдай жасап отыр. Сондықтан, депо басшылығы жыл сайын әйелдері мен аналарын жинап, бұл бағытта пікірлесіп, ой бөліскенді жөн санайды.  

Бұл жолғы кездесуде ақ жаулықтылармен кездескен Маңғыстау локомотив депосының бастығы Ғани Бисембаев пен депо кәсіподағы ұйымының төрағасы Әбілсейт Нәбиханов және заңгер мен кадр бастығы әйелдер қауымының ой-пікірін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.  Локомотив бригадалары қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда маңызды рөл атқаратындықтан олардың жұмысының жауапкершілігі жоғары екені, сондықтан оларға үйде жақсы демалып тынығуға жағдай жасау, сапарға кеткенде отбасылық дау-дамай, артық мәселемен қоңырау шалып уайымға салып алаңдатудың соңы қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін екені түрлі мысалдармен жеткізілді.  

–  Машинистер мен көмекшілерінің сапар алдындағы  демалысы өте маңызды. Физикалық және моральдық тұрғыда дұрыс тынығып, жаны тыныш, уайым-қайғысыз жақсы көңіл күйде шықса жұмысқа қабілеті де жоғары болады. Шаршап шалдығып, түрлі проблеманың жетегінде жүрген адамда ол керісінше болуы да мүмкін. Осыны отбасы мүшелеріне түсіндіріп, машинистердің сапар алдындағы жақсы тынығуын ұйымдастыру арқылы өздерінің де қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға атсалыса алатынын айттық. Сонымен қатар олардың күрделі отбасылық  мәселелері болса бірігіп шешуге атсалысу бағытында ұйымдастырылған бұл жиын нәтижелі болды деп айтар едім, – дейді Маңғыстау локомотив депосы кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбілсейт Нәбиханов.

 

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?