Арыста теміржолшылар саябағы жанынан футбол алаңы салынатын болды

Аймақтар
15.07.2024, 13:14
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшылар қаласы атанаған Арыс қаласына «Қазкөліккәсіп» ҚБ» басқарма төрағасының орынбасары Ғафу Несіпбаев пен аталған ұйымның халықаралық жұмыстар, ақпараттық, кадрлық және ұйымдастыру жөніндегі бас менеджері Амангелді Төреғожин арнайы сапармен келді. Арыстық теміржолшылармен және қала әкімі Гүлжан Құрманбековамен өткен кездесуде Теміржолшылар саябағы жанынан шағын футбол алаңын салу жөнінде соңғы талқылау өтіп, нақты шешім қабылданды.

Мәселені жан-жақты зерделеу мақсатында ұйымдастырылған жиынға  «Қазкөліккәсіп» Шымкент филиалы ұйымының төрағасы Нағима Салықбаева мен «Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалының экономика және қаржы жөніндегі директор орынбасары Арман Сабденбеков және теміржолшылар қатысты. Сондай-ақ, шара аясында азаматтармен ашық пікір алмасып, кәсіподақ тарапынан жасалып жатқан жұмыстардың жай-күйі тақырыпқа тұздық болды.

«Қазкөліккәсіп» Шымкент филиалы келешекте қала орталығындағы аумағы 2,5 гектарды құрайтын «Теміржолшылар» саябағын ақысыз меңгеруге алып, оны заманауи ретросаябаққа айналдыратын болды. Ал оған дейін саябақтың бір шетіне кіші футбол алаңын салу жоспарланып отыр.

– Біз осы мақсатта 30 миллион теңге шамасында инвестиция құйып теміржолшылар қаласын көркейте түсуді көздеп отырмыз. Мұндай бастамаға жергілікті теміржолшылар мен қала әкімдігі де қолдау білдіруде, – деді Арыс станциясының кезекшісі әрі кәсіподақ өкілі Телғозы Шорахан.

Басқосу нәтижесінде 25х45 метр көлемді жабық футбол алаңы салынатын болды. Құрылыс жұмыстары тамыз айында басталып, сәтін салса Тәуелсіздік күніне орай ел игілігіне беру жоспарланды.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады