Теміржолшылар Абай елінде болды

Аймақтар
13.08.2024, 10:13
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

10 тамыз – ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы ұлы Абайдың туған күні. «ҚАЗКӨЛІККӘСІП» ҚБ Семей өңірінің кәсіподақ ұйымының қолдауымен Семей ЖТ бөлімшесінің қызметкерлері ақын туған өлке – Жидебайға барып қайтты.

Абай, Шәкәрім, Мұхтар туған өлкенің тарихымен танысып, сол арқылы даналар шығармашылығы жайлы таным өрісін кеңейтуді көздеген сапар өте әсерлі болды. Теміржолшылар алдымен жол бойындағы Күшікбай батыр бұлағына ат шалдырды. Бұл жерде М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» шығармасындағы Ғазиза есімді кейіпкер өмір сүрген.  

Әрі қарай экспедиция мүшелері даңқты жазушы туып өскен Бөрілі өңірінде болып, әйгілі «Көксерек» оқиғасы өтетін жердің тарихымен де танысты. Қаламгердің мұражай үйіне кіріп, өткен ғасырдың тынысын сезінді. Сол тәрізді жол бойындағы Абай дүние есігін ашқан Қасқабұлақ елді мекенінде де аялдады. 

 

Десек те, ең әсерлі сәт Абайдың жайлауы болған, ақын шығармаларының басым бөлігі жазылған әйгілі Жидебай жерінде өтті. Онда хакімнің мұражай үйі мен кесенесі орын тепкен. Абай, Шәкәрім мазарын зиярат еткен сала қызметкерлері ұлылардың өткен өмірімен, шығармашылығымен танысты.  

Сонымен қатар аталмыш іс-шара аясында Абай мен Шәкәрім Құдайбердіұлының, Ақылбай, Мағауия Абайұлдарының шығармаларын жатқа айту бойынша байқау ұйымдастырылды. Нәтижесінде барлық қатысушыларға «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС «Семей ЖТ бөлімшесі» филиалының кәсіподақ ұйымының төрайымы Айгүл Берікболова естелік сыйлықтар табыс етті.  

– 10 тамыз – Абай Құнанбайұлының туған күні. Бұл дата 2020 жылы үкімет қаулысымен Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ресми түрде енгізілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Демек, ұлтымыздың бас ақынын құрмет тұтатын көпшілік үшін ерекше күн. Осы сапар жан дүниемізді рухани байытып, танымдық-тағылымдық тұрғыдан мол мағлұмат алдық, – дейді шараға қатысушылар.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады