Құрметті теміржолшы Еркін Жананбаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Аймақтар
25.10.2024, 11:03
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Республика күні қарсаңында ақтөбелік Құрметті теміржолшы Еркін Жананбаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Жананбаев Еркін Ынтағалиұлы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе бөлімшесі филиалының Қандыағаш вагон пайдалану депосының бастығы. Бұл қызметті ол сегіз жыл абыроймен атқарып келеді. Қандыағаш вагон пайдалану депосындағы жұмыстың ұйымдастырылуына жауапты. Қарамағында 700-ден аса қызметкер бар. Төрт тарапқа қызмет көрсететін кластан тыс сұрыптау станциясында пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұжымымен бірге атсалысып келеді.  

Марапат иесінің теміржол саласында еңбек етіп жатқанына 30 жылдан асып барады. Еңбек жолын вагон шаруашылығында слесарь боп бастаған ол жауапкершілігі мен ұйымдастыру шеберлігінің арқасында басшылық қызметке дейін көтерілген. Теміржолшылар әулетінен шыққан.  

«Атам, әжем, әкем теміржолшы болған. Мен үшін теміржолшы болу мақтаныш. Бұл менің өмірім. Теміржолшылар еңбегі мемлекеттік деңгейде марапатталса, біз үшін қуаныш», – дейді Еркін Жананбаев.  

Еркін Ынтағалиұлы 2021 жылы «Құрметті теміржолшы» медалімен марапатталған болатын. Мәртебелі марапат оның вагон шаруашылығына сіңірген үлкен еңбегіне берілген баға болатын. Ал теміржолшыға Мемлекет басшысы атынан «Ерен еңбегі үшін» медалін Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров табыстады.  

«Республика күнін мерекелеу жалпыұлттық тұтастығымызды, қалыптасқан мемлекеттігімізді айшықтай түсетін бүкілхалықтық тарихи күн. Бүгінгі күні мемлекетіміз дамудың жаңа деңгейіне көтеріліп, әлемдік қауымдастықта лайықты орынға ие болды. Ең бастысы халқымыз тәуелсіздік алғаннан бері тыныштық пен тұрақтылықта бейбіт күн кешіп жатырмыз. Бастысы республикамызды көзіміздің қарашығындай сақтап, елдігімізді ту ету әрбір азаматтың қасиетті борышы», – деп сөз сөйледі облыс басшысы марапаттау рәсімі барысында.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды