Осы жылдың 10 айында Ақтөбе арқылы 18 544 транзиттік пойыз жүріп өтті

Аймақтар
05.12.2024, 10:01
Оқуға 3 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – Ақтөбе филиалы Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропа елдеріне транзиттік ағынды арттыра түскен. Бөлімшенің географиялық тиімді орналасуы үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізіп отыр. Жүк пойыздарының жүк айналымындағы үлесі жыл санап артып келеді.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – Ақтөбе бөлімшесінің бас инженері Жасұлан Рысқалиев биылғы 10 айдағы жұмысты қорытындылады. Бөлімшеде вагондар паркін уақытылы қамтамасыз етудің арқасында жүк тасымалының жоспары 111,4% орындалған. Тәуліктік тапсырма бойынша 334 вагон жүк түсірілу жоспары 370 вагонға дейін жеткен.    

Он айдағы тиеу жұмыстарының 91% ел аумағына ұйымдастырылса, қалған 9% сыртқы тасымалға тиесілі болған. Тиеудің негізгі үлесін – 45,7% құрылыс жүктері құрайды. Оның ішінде түрлі түсті кен – 16,9%, мұнай – 4,7%, қара металдар – 4,1%, астық – 0,9%, химиялық заттар 0,7% құраған.    

– Сонымен қатар биыл республикалық маңызы бар автожолдарды жөндеуге қажетті қиыршық тас тасымалдау үшін аймақта 20 бағыт іске қосылды. Нәтижесінде құрылыс аймақтарына 860 жартылай вагонмен қиыршық тас жеткізу ұйымдастырылды. Мұғалжар станциясынан – 129 вагон, Біршоғыр станциясынан – 430 вагон, Кемпірсай станциясынан 301 вагон қиыршық тас тиелді. Сондай-ақ пойыздардың техникалық жылдамдығының пайдалану көрсеткішін берілген жоспарға және өткен жылдың ұқсас кезеңіне 100% деңгейінде орындауға қол жеткізілді. Жүк тасымалын жетілдіру және жылжымалы құрамды қайта өңдеу кезінде сұрыптау жүйелерінің жұмысын жеңілдету мақсатында филиалда барлық номенклатура жүктерін маршруттау бойынша жұмыс жүрді. Жүк номенклатурасы бойынша: темір рудасы 89,6%, құрылыс жүктері 80,0%, оның ішінде Қазавтожол және жергілікті атқарушы органдар бағдарламасы бойынша 24 маршрут «Бершүгір – Атырау», «Бершүгір – Орал», «Мұғалжар – Атырау», «Мұғалжар – Орал» бағыттары бойынша ұйымдастырылды. Қара металл 56,5% құрап, «Кемпірсай –Достық», «Жіңішке-Достық» бағытында ұйымдастырылды.

Ақтөбе бөлімшесіндегі ірі жүк жөнелтушінің бірі «Қазхром» ТҰК» АҚ  Дон станциясы арқылы 43 202 вагон, 3 017 424 тонна жүк тиеді. Ал Ақтөбе ферроқорытпа зауыты экспортқа 6 313 вагон, 419 507 тонна қара металл шығарған.  «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС Кемпірсай станциясы арқылы 5 303 вагон 346 979 тонна түрлі түсті кен тиесе, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Жем станциясынан 9 746 вагон 336 612 тонна сұйытылған көміртекті газ тиеуді ұйымдастырды, – деп ақпар берді бас инженер.

Сондай-ақ 10 айда Ақтөбе өңірі бойынша 927 200 транзиттік вагон немесе 18 544 пойыз жүріп өтіп, орташа есеппен бұл тәулігіне 3 040 вагонды құраған. Контейнерлік пойыздарды өткізу 58%-ға ұлғайған. Қазір әлем елдері жүктерді контейнерлермен тасымалдауға қарқынды түрде көшіп жатқаны белгілі. Өткен жылмен салыстырғанда «ҚХР-Еуропа-ҚХР» бағыты бойынша жүретін контейнерлік пойыздарды өткізу 52%-ға артқан. Сондай-ақ ҚХР – Ресей бағыты бойынша жүретін контейнерлік пойыздардың өткізу қабілеті 51%-ға ұлғайды.

Бөлімшеде алдағы жылдарда инфрақұрылымды дамыту, жылжымалы құрамды жаңарту, жүктерді контейнерлендіру, балама бағыттар мен халықаралық дәліздерді дамыту бойынша шаралар қабылдануда, тиісті жобалар да жоқ емес. Бірқатар жаңа инфрақұрылымдық объектілер пайда болады. Маршруттық пойыздар қозғалысын тиімді ұйымдастыру үшін жаңа бағыттар салу жобасы бар. Өңірде Хромтау станциясы бағытынан Жазық станциясына және кері қарай, Никельтау станциясына кірмей, Қандыағаш торабы бойынша Жем бағытынан Мақатқа қарай станцияға кірмей айналма жолдар салу көзделген.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды