Сарыағаш станциясында пойыздарды өңдеу көрсеткіші артты

Аймақтар
10.12.2024, 08:55
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Статистикалық көрсеткіштерге көз жүгіртсек, Сарыағаш станциясында жүк қабылдап-жөнелту процесі соңғы 10 жылда екі есе өскен. Айталық, 2014 жылы тәулігіне 15 пойыз қабылдап-өткізілген болса, биылғы жылдың он бір айында атқарылған жұмыстың орташа тәуліктік көрсеткіші 27-28 пойызды құрап отыр.

Мемлекетаралық жүк тасымалында стратегиялық маңызы жоғары Сарыағаш станциясында 2022 жылдың шілде айынан бері жылжымалы құрамдарды жоғары дәлдікпен түсіре алатын камерамен бақылау жүйесі іске қосылған. Бір ерекшелігі, бұл пойыздарды жүріп бара жатқан сәтінде-ақ тұнық күйде таспаға жазып үлгеретін сапалы құралдар. Нәтижесінде станциядағы жүк вагондарын өңдеу көрсеткіші едәуір өскен. Яғни бұрынғы 2,5 сағаттың орнына 2 сағат 10 минутқа, тіпті кейбіреулері 1 сағат 10 минутқа дейін қысқарған.  

– Мұндай табысқа бейнебақылау камерасын іске қосу арқылы қол жеткіздік. Яғни бұрын пойыздардың төбесіндегі 27 мың вольттық электр кернеуін сөндіріп, вагондарды тексеріп, желіге қайта қосу үшін 40-50 минут уақыт кететін болса, қазір оны сөндірмей-ақ тексере аламыз. Яғни вагон төбесіндегі қақпа пен оның пломбасын, жалпы оның тұтастығы мен бүтіндігін тексеруді камера арқылы жүргізудеміз. Соның арқасында жұмыс өнімділігі еселенді, – дейді станцияның бас инженері Сәкен Әміров.  

Негізінен жылжымалы құрам станция аумағына кірген кезде, операторлар әрбір вагонның нөмірін жазып алып, журналға тіркеуге міндетті. Ал ол деректер АБЖ – автоматты басқару жүйесіне енгізілген дерекпен сәйкес келуі тиіс. Ал енді оны тіркеу үшін станцияның технологиялық орталық операторының функционалдық міндеті төмендегіше тізбектеледі. Оның станция ғимаратынан пойыз тоқтаған жолға барып-келгенінен бөлек, жылжымалы құрамды жағалай бастан-аяқ жүріп, көзбен бақылап шығуы тиіс. Енді ең қысқа вагон ұзындығы 14 метр деп алсақ, 59 вагоннан құралған пойыздың жалпы ұзындығы 826 метрге созылады.  

– Қазіргі кезде біз бұл қызметті кабинетте отырып-ақ, экрандағы таспаны кідіртіп немесе артқа-алға жылжыту арқылы іске асырып келеміз. Вагон нөмірін журналға тіркеп, салыстыруда мұны технологиялық жетістік деп айтуға лайық, – дейді станция операторы Маржан Бәдір.  

Озық үлгі санатына жататын бұл технология Сарыағаш станциясында соңғы жеті жылдан бері қолданылып келеді. Осылайша мұнда еңбек қауіпсіздігі сақталудан бөлек, уақытты тиімді пайдалану арқылы жұмыс жедел әрі сапалы орындалуда.  

Жалпы, станцияға келген пойыздарға техникалық және коммерциялық бағыттарда қызмет көрсетіледі десек, екі ел шекарасы түйіскен тұстағы мекемеде қазақ-өзбек теміржолшылары тізе қоса еңбек етеді. Яғни күн сайын таңертең көрші елден арнайы вагонмен мамандар келіп, пойыздарды қабылдап, тапсырып жатады. Ал олардың ел теміржолшыларымен бірлесе жұмыс істеуіне барынша жағдай жасалған.  

Қазіргі кезде Нұрлан Мәдіқұлұлы жетекшілік ететін станциядан Өзбекстан бағытына қарай шығарылып жатқан жүк құрамының басым бөлігін контейнерлік тасымал құрап отыр екен. Пойыздарды өңдеуде көрсеткіші жоғары екінші класты станцияда бүгінде 250-ге жуық теміржолшы еңбек етеді. Сәтті үйлестірілген еңбек ырғағының сақталуы нәтижесінде бір мезетте 4 пойызды қабылдап, өңдеу мүмкіндігіне ие.

Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз