Өткелдерді жаңарту жалғасуда

Аймақтар
28.11.2025, 09:15
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Маңғыстау жол дистанциясы аумағында орналасқан теміржол өткелдерінде жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері бірнеше жердегі өткелде жол төсемі ауыстырылды.

Жұмыс қазан-қараша айларында жандана түсіп, үш өткел жөндеуден өткен. Дистанцияда өткелдер жағдайына жауапты мамандардың бірі, жетекші жол инженері Мұхтар Кульчанбаевтың айтуынша, бұл жұмыстар Маңғыстау – Өзен учаскесіне қарасты бекеттер аралығындағы 13, 179,73 шақырымдардағы теміржол өткелдеріне қатысты. «Р» бекеті – Боржақты станциясы аралығында 13-шақырымдағы өткелдің жарамсыз төсемдері алынып, жаңасы салынған. Жетібай – Өзен станциялары аралығындағы 179-шақырымдағы теміржол өткеліне жанасатын жол толықтай жаңартылған. Аталған жұмыстар жергілікті әкімдікпен бірлесе атқарылып, жаңадан асфальт төселген. Қарақия – Жаңаөзен станциялары аралығындағы 73-шақырымның өткелінде де осындай жұмыстар атқарылған. Өткелдегі ескірген төсем темірбетонмен ауыстырылған.  

– Жыл басынан бері Тамақ бекеті мен Маңғыстау станциясы аралығында 399-шақырым, №16 – Тамақ бекеттері аралығында 388-шақырым, №15-16 бекеттері арасында 377-шақырым, Шетпе станциясы мен №14 бекет арасындағы 314-шақырымдағы өткелдерде әртүрлі жөндеу жұмыстары жасалды. Әр өткелде қажеттілігіне қарай ескі материалдар жаңасына ауыстырылып, тиісті жұмыстар атқарылды. Жөндеу барысында қозғалысты көп тоқтатып қоймау үшін керекті шаралар алынды.  

Мәселен, Өзендегі өткелді жөндеу кезінде жұмыс көлеміне қарай жол қозғалысы бір тәулікке дейін шектелсе, 13-шақырымдағы өткелде қозғалыс тоқтаған жоқ. Жолдың бір жағын жауып қойып жұмыс жүргізіп жатсақ, екінші жағын ашық қалдырып, автокөліктердің жүруіне мүмкіндік болды. Екінші тараптағы жөндеу барысында да солай болды, қозғалысты шектеген жоқпыз.  

Айта кететін жайт, бұл өткелдер автокөлік қозғалысы көп жолдарда орналасқан. Жақында осы және басқа да қозғалысы көп өткелдерде Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия аудандары және Жаңаөзен қаласындағы желілік полиция өкілдерімен бірлесе жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін профилактикалық жұмыстар жүргіздік, – дейді Маңғыстау жол дистанциясының жетекші жол инженері Мұхтар Кульчанбаев.  

 

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады