Жоспар нақтыланды

Аймақтар
10.02.2025, 16:45
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желі бөлімшесі биылғы жылға арналған негізгі жоспарлары мен міндеттерін нақтылады.  

Бөлімше бастығы Аралбай Қосымбаевтың айтуынша, инфрақұрылымды, соның ішінде жол жағдайын жақсарту және пойыздардың қозғалыс жылдамдығын арттыру мақсатында 2025 жылы бөлімше бойынша 66,7 км жолды күрделі жөндеу және 11,6 км орташа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Сонымен қатар 4 км темірбетон шпалдарын жаппай ауыстыру, 30 жиынтық бұрма ауыстыру, түйіспелерді темірбетон шпалдармен нығайту, түйіспесіз рельстерді станция аралығына дейін ұзарту, балшыққа батқан бұрмаларды қайта салу, т.т. жұмыстар жоспарлануда. Қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында ғимараттарды су және газбен қамтамасыз ету үшін тиісті ұйымдардан техникалық шарттар алу, электр қуаты бойынша төленетін ғимараттарда есептеу құралдарын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

«Сондай-ақ жергілікті атқарушы органмен бірлесе келесі мәселелерді шешуді жоспарлап отырмыз. Ол – Атырау станциясының вокзалы перронын күрделі жөндеу, Мақат станциясындағы 54 пәтерлі үйлер мен жаяу жүргіншілер көпірін мемлекеттік меншікке беру жұмыстарын жүргізу жұмыстары. Аталған мәселе ҚТЖ басшылығының Атырау өңіріне іс-сапары барысында көтеріліп, оң шешімін табу тапсырылған болатын. Және жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып маңызы бар теміржол өткелдерінде жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында бейнебақылау орнату мәселесін де қарастырып отырмыз. Ал өткен жылы Атырау магистральдық желі бөлімшесі барлық мақсаттар мен міндеттерді толықтай орындауға қол жеткізді. «Санитарлық-гигиеналық жағдайларды жақсарту және еңбекті ұйымдастыру деңгейін арттыру бағдарламасын» енгізуде көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін Дирекция басшылығына алғыс айтқым келеді. Осы бағдарламаның арқасында бүгінгі күні қызметкерлердің әлеуметтік және тұрмыстық ахуалы жақсарып, еңбек жағдайы қамтамасыз етілді. Көптеген модульді үйлер алынып, жұмысшыларға жайлы жағдай жасалды» дейді бөлімше басшысы.  

 

Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын