Көне дәстүрді жаңғыртты

Аймақтар
21.03.2025, 09:17
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау теміржолшылары Ұлыстың ұлы күні – наурыз мерекесі қар- саңында «Менің елімнің дәстүрлері» челленджін ұйымдастырып, оған магистральдық желі бөлімшесіне қарасты мекемелер түгел қатысты.

Челлендж шартына сай әр бөлім қазақтың бір салт-дәстүрін таңдап, қойылым немесе шағын көрініс дайындауы тиіс. Атырау магистральдық желі бөлімшесі ұмытылып бара жатқан «Босаға майлау» дәстүрін таңдап алыпты. Босаға майлау – жастар жеке отбасы құрғанда немесе жаңа үйге кіргенде жақын-жуықтары келіп, үйдің босағасына май жағады. Бұл осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ұғымды білдіреді. Көктемде бірінші шайқаған майды отбасындағылар ауыз тимей тұрып, есік жақтауын, табалдырықты, киіз үйдің ас-су сақталатын жағын майлау ырымы да бар. Босаға майлаған адамға кәде беріледі.  

Бөлімшенің персоналды басқару бөлімінің бастығы Анар Жалғасбаеваның айтуынша, ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттауға теміржол мекемелері белсене кірісіп, бірінен бірі асып түсуге тырысқан. Бейнеролик қала сыртындағы Еркінқала елдімекеніндегі «Этно-ауыл» ұлттық орталығында дайындалып, киіз үйде «Босаға майлау» дәстүрі, ұлттық жөн-жоралғы, ырымдар жасалған.  

 

Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты