Халықтық мерекеге ұласты

Аймақтар
26.03.2025, 16:50
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ұлыстың ұлы күні Ақтөбе вокзалы аумағына киіз үй тігіліп, этноауыл құрылды. Мерекелік атмосфераға бөленген алаңда теміржолшылар ғана емес, жергілікті халық, әрі-бері өткен пойыз жолаушылары да қазақы үйлерге кіріп, естелік суреттерге түсіп, ұлттық тағамдардан дәм татып, шат-шадыман болды.

Киіз үйге қойылған ұлттық бұйымдар да көз тартады. Ақ жаулықты аналар шашу шашып, қазан-қазан көже асылды. Осылайша Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі ұйымдастырған шара шынайы халықтық мерекеге айналды.  

«Жыл басы Наурыз мерекесі ертеден жақсылықтың бастауы болған. Әр шаңыраққа құт-береке, молшылық, саулық тілеймін. Әрқашан кедергі болмасын, әрдайым жолымыз болсын», – деді Ақтөбе магистральдық желі бөлімі басшысының орынбасары Темірғали Көштаев.  

Теміржолшылар ұлттық киімнің сән-салтанатын сақтаған. Қыз-келіншектер, ақ жаулықты аналар, азаматтар мен ақсақалдар өздеріне жарасымды ұлттық киіммен жүрді. Теміржолшылар даярлаған мерекелік концертте шараның көркін аша түсті. Әнші де, биші де, күйші де бар.  

Қазан-ошақ жағына көңірсіген әдемі ас пен түтін иісі шығады.   Келіншектер наурыз көже дайындарда негізгі үш қағиданың сақталғанын айтты. Бірінші сақталған сүр ет, дәнді-дақыл және ағарған. Осы тәртіппен жеті түрлі дәм қосылған. Бабымен дайындалған наурыз көже келушілерге ұсынылды. Көже ішіп, дастарханға қойылған ұлттық тағамдардан дәм татып, қызыл  бауырсақ, құрт-ірімшік, тарыдан дайындалған тағамдар мен женттен дәм татқан жұрт айрықша риза болысты.    

Сонымен қатар вокзал алдында ұлттық ойындардан жарыс өтті. Кәсіподақ қоодауымен арқан тартыс, ләңгі, асық атудан озып шыққандарға сыйлықтар табысталды.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды