Жұмысшы мамандар ұстаханасы

Аймақтар
02.04.2025, 16:54
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

 

Ел экономикасының басты өндірістік қуаты – кәсібін жетік меңгерген жұмысшы мамандар екені белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауы – қоғам арасында қарапайым еңбек адамының беделін көтеріп, осы кәсіп иелеріне жіті көңіл бөлінуде.  

Сондай-ақ бұл бастама жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталуда. Сондықтан ауқымды шаралар үкіметтік деңгейде мемлекеттік бағдарламалар аясында іске асырылып, қыруар жобалар қызу қолға алынуда.

Еліміздің барлық өңірінде жұмысшы мамандықтар беделін және кадрлар даярлау сапасын арттыруға, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған жоспарлар бекітілді. Соның бір парасын М.Тынышбаев атындағы Шымкент ALT көлік колледжі іске асырып отыр деп нық сеніммен айта аламыз. Аталған оқу орны техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ішіндегі Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша теміржол саласына мамандар даярлайтын білім ордасы ретінде танылған. 

Сондықтан оқу орнын әлеуметтік серіктестермен байланысты нығайтатын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның орта буын кадрлар дайындайтын оқу мекемесі деп айтуға болады. Себебі осы күндері колледжде 1215 студент 7 мамандық бойынша білім алып жатқан болса, оның бәрі де жоғарыда аталған теміржол саласының кадрлық сұранысын өтеуге негізделген. Айталық, локомотив пен вагон жөндеу слесарі, машинист көмекшісі, тасымалдауды ұйымдастыру мен сигнал беру, орталықтандыру мен бұғаттау құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электромонтер, телекоммуникациялық байланыс жүйелері технигі сынды кәсіпті меңгеріп шыққан жастардың қайсысы жұмыссыз қалады деп ойлайсыз. Бажайлап қарасақ, қазіргі кезде мұндай маман иелері тек теміржол саласында ғана емес, қоғам арасында тапшы десек те болады. Өйткені 2023-2024 жылғы 167 түлектің бәрі де толыққанды жұмыспен қамтылуы сөзімізді нақтылай түседі.  

Бүгінде Ерзат Шахатұлы жетекшілік ететін оқу орнының басым бағыты теміржолшы мамандар даярлау ісі болғандықтан, білім ордасының жергілікті теміржол мекемелерімен өзара байланысы біріздендірілген. Яғни, техникалық және кәсіби білім беру мекемесі мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастық келісімшарты бекітіліп, студенттердің өндірістік практикадан өтуіне мүмкіндіктер қарастырылған. Атап айтқанда, болашақ маман иелері «ҚТЖ» ҰК» АҚ Шымкент магистралдық желі бөлімшесі филиалы мен «ҚТЖ–Жүк тасымалы» ЖШС-нің барлық станция, деполары мен дистанцияларында, одан бөлек жылжымалы құрамдарға түрлі сервистік қызмет көрсететін «S.G.M. Group» ЖШС, «Best Building Service» ЖШС, «Транстелеком» АҚ-ның «QAZINPRO GROUP» ЖШС-і мен «QAZINPRO GROUP» ЖШС-і сынды филиалдарында тәжірибеден өтіп, білімдерін шыңдай алады.

- Біздің оқу орнымызда бүгінде білім алып жүрген 1215 студенттің бәрі тікелей теміржол саласына қатысты кәсіптің қыр-сырын меңгеруге бағытталған. Яғни, күні ертең осы студенттеріміз ҚТЖ-ның қызметкері атануы бек мүмкін. Сондықтан да біз өз шәкірттеріміздің теміржол төңірегінде жүруін тек диплом алған соң ғана емес, қазірден қамтамасыз етеміз. Бұл теориялық білімді практикамен ұштастыруда тиімді тетік, - дейді оқу орнының басшысы Ерзат Өтебергенов.

Оның айтуынша, өткен оқу жылында колледждің 700 студенті өңірдегі 11 темір жол мекемелерінде өндірістік, диплом алды және кәсіптік тәжірибеден өткен.  

Жалпы, колледж «ҚТЖ»-ның еншілес оқу мекемесі санатында болғандықтан, мұндағы ұстаздар қауымының басым бөлігі де темір жол саласының тіс қаққан тәжірибелі мамандары десек те болады. Қазіргі кезде оқытушылық құрам санатында 1 техника ғылымдарының кандидаты мен 9 магистр болса, оның 2-і педагог-зерттеуші, 4 педагог-сарапшы және 9 педагог-модератор бар. Оның ішінде айрықша атап өткіміз келетіні колледждің ардагер оқытушылары қатарында Уалихан Жұмағұлов, Темірхан Ахметов, Жалмағанбет Наурызалиев, Нұрлан Жаманқұлов сынды сала майталмандары бар.  

Сонымен қатар, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, жоғары санатты ұстаз Гаухар Мұхажанованың айтуынша, бүгінгі таңда колледжде ұрпақтар сабақтастығын үзіп алмауға басымдық берілген. Сондықтан да мұнда ұстаздар қауымы ардагер теміржолшылар мен студенттердің кездесуін жиі ұйымдастырып тұрады. Өңірдің танымал теміржолшысы Нұрғали Нұртаев пен Асылбек Алниязов, Пернебек Әбдешов пен Мырзахан Сүгірбаев секілді тәжірибесі мол, айтары көп азаматтардың қатысумен жиі басқосу өткізу дәстүрге айналған.

Айта кетейік, жыл сайын орта есеппен 250-ден астам теміржол саласына қажетті маман иелерін дайындап шығатын оқу орнында білім алу мемлекет есебінен жүргізіледі. Студенттерге шәкіртақы тағайындалуынан бөлек, жатақханамен де қамтылғаны көңілге қуаныш ұялатады. Ұстаздардың түсіндіруінше, көп жағдайда аталған оқу орнына шалғай станциялар мен перегон, бекеттерде жылдар бойы тер төккен теміржолшылардың ұл-қыздары түсіп жататын сәттер аз емес. Ал енді осындай маман даярлау ісінде маңызды рөлге ие оқу орнының жұмыс қарқыны мемлекет басшысы айқындап берген, Үкімет бекіткен бағдарламалармен ұштасып, іске асып жатуы жоғары жетістіктердің кепілі болса керек.

Әлемде
12.05.2026
Лондон мен Швейцария арасында тікелей пойыз қатынайтын болады
Аймақтар
12.05.2026
Маңғыстау теміржолының аңызы – Жолдас Жетібай туралы бір үзік сыр
Жаңалықтар
12.05.2026
Теміржолшылар бейнесі ҚТЖ-ның LED-экранында
Аймақтар
12.05.2026
Шиелі станциясының жұмысы жаңа деңгейге шықты
Жолаушылар тасымалы
12.05.2026
Қарағанды – Балқаш бағытында қосымша пойыздар шығады
Әлемде
12.05.2026
Stadler компаниясы Дублин - Белфаст бағыты үшін гибридті пойыздар шығарады
Инфрақұрылым
11.05.2026
Түркістан облысында ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының жүзеге асырылу барысы тексерілді
Жаңалықтар
09.05.2026
Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтың Отан қорғаушы күні және Жеңіс күні мерекелеріне орай құттықтауы
Жаңалықтар
09.05.2026
Көлік министрлігінде вокзалдарды жаңғырту бойынша өңірлер мен ҚТЖ есебі тыңдалды
Жолаушылар тасымалы
09.05.2026
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Жүк тасымалы
08.05.2026
Алғаш рет Орта дәліз бойынша кері жүктеу ұйымдастырылды: Контейнерлік пойыз Түркиядан Қазақстан арқылы Қытайға жөнелтілді.
Аймақтар
08.05.2026
Өскемендік теміржолшылар 101 жастағы ардагер Александра Саратовцеваны құттықтады
Аймақтар
08.05.2026
Майдангер Иван Макеевке құрмет көрсетілді
Аймақтар
08.05.2026
Маңғыстауда тыл ардагері Нұрғали Төлеповке ескерткіш тақта ашылды
Жаңалықтар
08.05.2026
Талғат Алдыбергенов 100 жастағы ардагер-теміржолшыны Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады
Жаңалықтар
08.05.2026
Теміржол вокзалындағы тәртіп сақшысы
Әлемде
08.05.2026
Ташкент вагон жасау зауыты биыл Ресейге 42 жолаушы вагонын жеткізуді жоспарлап отыр
Әлемде
08.05.2026
Қытайдан Ауғанстанға жаңа контейнерлік бағыт іске қосылды
Жаңалықтар
07.05.2026
Талғат Алдыбергенов Ерейментау вокзалы құрылысының барысын тексерді
Жаңалықтар
06.05.2026
Ұрпақтар байланысы: ҚТЖ ардагерлері немерелерімен Отан қорғаушыларды еске алды