Атырау вагонқұрылысы зауыты цистерна шығаруды бастайды

Аймақтар
08.04.2025, 08:40
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Өткен жылғы жазда өңірде ашылған өндіріс орны – жүк вагондарын шығаратын Texol Trans Атырау вагонқұрылысы зауыты жүк вагондарын және мұнай өнімдерін, сұйытылған газ бен өнеркәсіптік жүктерді тасымалдайтын цистерналар шығаруға мамандандырылған.

Зауыттың толық қуатына көшу кезеңі 2027 жыл деп жоспарланып, жылына 7-8 мың вагон шығару көзделген. Қазіргі уақытта зауыттың өндірістік аумағы 17 мың шаршы метрді құрайды, ал 2027 жылға қарай 62 шаршы метрге дейін кеңейеді деп жоспарлануда. Негізгі өндіріспен қатар мұнда вагонның әртүрлі компоненттерін жасайтын цехтар бар, алға қарай орта және ұсақ вагон құймаларға арналған құйма цехтары бар. Мұндай цехтың ашылуы импортқа тәуелділіктен де құтқарады.  

Зауытқа салынған инвестицияның жалпы көлемі 160 млрд теңге. Ал бастапқы кезеңдегі инвестиция көлемі 170 млн доллар көлемінде болып отыр. Бүгінгі таңда компанияда 25 тс. арбалы 13-6741 модельді біріктірілген жалғамалы платформаны өндіру қолға алынып отыр. Зауыт биылдан бастап сұйытылған көмірсутегі газдарын тасымалдайтын цистерналар шығаруды бастайды.  

«Соған орай жуырда облыстық әкімдік ғимаратында Texol Trans зауыты италиялық Faccin S.р.A компаниясымен мұнай өнімдерін және сұйытылған көмірсутекті тасымалдайтын цистерна мен вагон құрастыруға қажетті Baldrini жабдығын тасымалдау келісімшартына қол қойды» деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. Шара барысында Faccin S.p.A. бағдарламаларын интеграциялау және әзірлеу жөніндегі бөлім басшысы Рино Болдриини мен Texol Group директорлар кеңесінің төрағасы Шота Абхазава ұзақ мерзімді серіктестікке қол қойды. Екіжақты серіктестік нәтижесінде Texol Group 2025 жылдың екінші жартысында барлық сертификаттау рәсімінен өткеннен кейін, инновациялық шешімдер қабылдап, жүк вагондары мен цистерналардың толық желісін шығара бастайды. Яғни жыл сайын 8 мыңға жуық вагон құрастыру жоспары бар. Аталған жабдықтың жеткізілуі зауыттың өндірістік желісін қалыптастырудың қорытынды кезеңі болмақ. Бұдан кейін цистерналар шығарыла бастайды», – дейді кәсіпорынның PR директоры Мәдина Қазбекова.  

Облыс әкімі Серік Шәпкенов қол қойылған келісімнің өңірдің инфрақұрылымын дамытуда, экономикалық байланыстарды нығайтуда және өңір үшін стратегиялық маңызы бар жобаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратынына сенімді.  

«Faccin S.p.A. – ауыр өнеркәсіпке арналған жабдықтарды жеткізу бойынша әлемдік көшбасшы. Ұзақ мерзімді келісімнің арқасында аймақ инновациялық технологиялар мен халықаралық тәжірибеге қол жеткізіп, жергілікті кәсіпорындар мен мамандардың дамуына септігін тигізеді. Әсіресе кадрларды даярлау бағдарламаларына ерекше назар аударылады. Бұл өз кезегінде өңір мамандарының біліктілігін арттырып, олардың инженерлік-технологиялық дағдыларын дамытуға ықпал етеді, – деді аймақ басшысы.  

Зауыттың кеңеюіне орай алға қарай кәсіпорында 3000-нан астам жұмыс орны ашылады. Олар негізінен слесарлар, дәнекерлеуші, бұрғышы, т.б. жұмысшы мамандар. Ал аймақ теміржолшыларының ойынша, өңірде жаңа мұнай-газ кен орындары, мұнай-химия саласында әртүрлі зауыттар ашылып жатқандықтан олардың жаңа вагондарға деген сұранысы артатыны ақиқат.  

 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?