Теміржол ардагері құрметке бөленді

Аймақтар
14.04.2025, 11:04
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазалы ауданының Құрметті азаматы, саналы ғұмырын теміржол саласының дамуына арнаған абзал азамат Жақсылық Көрпебаев 75 жасқа толды. Қызылорда ЖТ бөлімшесінің басшысы Батырхан Базарбаев бастаған топ сала ардагерін арнайы құттықтап, ықылас-құрметтерін білдірді.

Кездесу барысында бөлімше басшылары ардагердің жарқын еңбек жолын, өнегелі өмірін, кәсіби шеберлігін сөз етіп, ел игілігі үшін аянбай еңбек еткен азаматтың өмір жолы – бүгінгі ұрпаққа үлгі, ертеңгі буынға өнеге десті.

Жақсылық Мінәтұлы еңбек жолын 1968 жылы Қазалы теміржол училищесін бітіріп, Қызылорда локомотив пайдалану депосында машинист көмекшісі ретінде бастаған. Сол кезден бастап теміржолдың ыстығына күйіп, суығына тоңып, адал еңбегінің арқасында абырой биігіне көтеріле білді. Әскери борышын өтеп келгеннен кейін Қазалы локомотив депосында машинист, нұсқаушы, кейіннен Отын-май тарату базасының, ал 1993 жылдан бастап Қазалы қалпына келтіру пойызының басшысы қызметтерін атқарып, осы қызметтен 2013 жылы құрметті демалысқа шыққан.

Жақсылық Көрпебаевтың көпжылдық адал еңбегі мен қоғамдық белсенділігі ескерусіз қалған жоқ. Ол «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен, КСРО Жол қатынастары министрлігінің, Батыс Қазақстан теміржол басқармасының, Қазақстан темір жолы басшылығының Құрмет грамоталарымен, басқа да көптеген салалық марапаттармен марапатталып, бірнеше рет аудандық кеңестің және мәслихаттың депутаты болып сайланды.    

1986 жылы Мәскеуде өткен теміржолшылар форумына делегат ретінде қатысып, КСРО Көлік министрінің қолынан марапат алған теміржолшы.    

Зейнеткерлік  ардагердің  қоғамдық істерден шет қалуына себеп болған жоқ. Қазіргі таңда Қазалы тораптық ардагерлері кеңесінің төрағасы ретінде жақсы істердің ұйытқысы болып, жастармен жиі кездесіп, өзінің бай тәжірибесімен бөлісіп келеді. Сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесінің пленум мүшесі ретінде де түрлі қоғамдық бастамалардың бел ортасынан табылып жүр.

– Қоғамдық жұмыс – бұл жүрек қалауымен істелетін іс. Бүгінгі жастарға бағыт-бағдар беру, саланың қыр-сырын үйретіп, тәжірибемен бөлісу – аға буын біз үшін парыз, – дейді Жақсылық ақсақал.

Бөлімше мен кәсіподақ ұйымының басшылары теміржол саласының тарланбозына шапан жауып, сый-сияпатқа бөледі.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды