Жүз жасаған кейуана

Аймақтар
13.05.2025, 08:55
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жаңа-Семей жол дистанциясының ұжымы еңбек және тыл ардагері Зайтуна Файзуллинаны 100 жас мерейтойымен арнайы құттықтап барды. Сұрапыл соғыс жылдарында Түрксіб теміржолында еңбек еткен қадірменді қарияның әңгімесін тыңдап, өңірдің өткен тарихына да қанықты.

Зайтуна Мұхаметқызы өз еңбек жолы жайлы әңгіме айтудың шебері. Өткен күндердің елесі көкірегінде сайрап тұр. Ғасыр жасап отырса да әлі тың. Өзін құттықтап келген бүгінгі буын әріптестерінің алдында қозғалыс қауіпсіздігінің ережелерін жатқа айтып беріп, таңғалдырды.  

Кейіпкеріміз 1943 жылы Аягөз станциясындағы социалистік еңбектің шеберлері мектебін оқып жүрген шағында, әуелгіде әскери комиссариатқа шақырылады. Сәл болғанда соғысқа алып кетер еді. Алайда, жалғыз шешесі ғана бар, кәсіби білім алып жүрген қыз бала екендігі ескеріліп, құжаты өзгертіліп, арнайы ордер жазылып, тылдағы жұмысқа қалдырылады. Осылайша, теміржолшылар майданға кеткендіктен жұмыс күшінің жетіспеуі себепті бірден өндіріске жұмысқа қабылданады. Семей теміржолындағы Қапанбұлақ, Жаңғызтөбе, Шөптіқақ станцияларында қозғалыс саласында еңбек етіпті.  

– Қасымдағы әріптестерім соғысқа кетіп, станция кезекшісі қызметін жалғыз атқарған кездер жадымда. Үзіліссіз 36 сағат жұмыс істеген күндер болды. Арасында бес минутқа ғана мызғып аламын. Себебі пойызды қабылдап алып, жөнелту үшін ми тынық болуы керек. Станциялық жолдардағы қозғалысқа толығымен жауаптымын, – дейді ол. – «Жау жағадан алғанда бөрі етектен тартады» демекші, соғыс жылдары қыс та аязды болды. Теміржолшылар жетіспейтіндіктен кейде білек сыбанып станция басында пойыз құрастыру ісіне де кірісіп кетеміз. Қолым сәл босаса, майданда жүрген әріптестеріме, қыздарға хат жазып, олардан жеткен, окоптың сыз иісі шығатын үшбу хаттарын оқимын.  

Зайтуна Мұхаметқызы 1973 жылы экономикалық даярлықтан өтіп, жол дистанциясына есепші болып қайтадан қызметке орналасады. Зейнеткерлікке шыққанға дейін осы мекемеде еңбек етті. Кейіпкеріміз Шөптіқақ станциясында еңбек ете жүріп, тұрмыс құрады. Бүгінде жүз жасаған қария шөпшектерінің қолынан су ішуде. Еңбектен қол үзбей жүріп, 6 бала тәрбиелеп өсіріпті, қазіргі таңда 22 шөбересі бар. Қоғамдық өмірден де қол үзбепті.  

Жаңа-Семей жол дистанциясының кәсіподақ ұйымының төрайымы Зульфия Мәжитқызы бастаған теміржолшылар әжейге құттықтау тілектерін білдіріп, 100 жас мейрейтойына орай арнайы әкелген сыйлық қоржынын салтанатты түрде тарту етіп, естелік суреттерге түсті.  

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты