Қондырғылар жаңартылуда

Аймақтар
26.05.2025, 17:00
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау сигнализация және байланыс дистанциясында 6 дана жаңартылған контейнерлік техникалық жабдықтар кешенінің жүріс модульдері орнатылды. Атырау – Қиғаш телімінің Аққыстау, Исатай, Афанасьево бекеттеріне орнатылған бұл құрылғылар пойыз қозғалысы кезінде жылжымалы құрамның техникалық жағдайын автоматты түрде бақылайды.

Сондай-ақ 465-разъезде (ШЧ-11) жаңа типті модернизацияланған электрлік орталықтандырылған пост салынып, пайдалануға берілді. Енді аймақтағы бағдаршамдар мен бұрмалардың жұмысы, жалпы байланыс саласының жұмысы бұрынғыдан да жақсара түсті. Биыл Атырау станциясында соңғы отыз жыл бойы қолданылып келе жатқан қуат қондырғылары жаңарды. Яғни бұрынғы ПВ-1, ЭЦК, ПРББ, ПВ-220, ПВ-24 қондырғылары жаңа типтегі ПП-ЭЦ-70 түріне ауыстырылды. Атырау сигнализация және байланыс дистанциясының бастығы Ербол Нұрмановтың айтуынша, станциядағы қуат көздері панельдері жаңартылып, оның жұмысы бұрынғыдан да жақсара түскен. Сонымен қатар бұрынғы функцияларымен қоса ол енді автоматты түрде қосылатын және оны бақылайтын операциялармен толықтырылған. Мәселен, бір фидер ажыратылған жағдайда екіншісі, егер ол да ажыратылса, дизельді агрегат автоматты түрде іске қосылып, станция жолдары қуат көзімен үнемі қамтамасыз етіліп отырады.  

«Жұмыс барысында электрлік орталықтандыру құрылғыларының қоректендіру кабельдері мен трансформаторлары жаңарды. Енді ол болашақта ақаулардың аз болуына себепші болады», – дейді дистанция бастығы.  

Сағыз станциясынан Ганюшкино станциясына дейінгі жол телімі ВОЛС желісіне қосылып, мұнда да ақпаратты үлкен көлемде және шұғыл беруге жағдай жасалған. Сигнализация және байланыс шаруашылығы бойынша бірқатар учаскелерде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүріп бара жатқан қозғалмалы құрамның техникалық жағдайына автоматты бақылау жасайтын құрылғы (КТСМ) іске қосылды. Атап айтқанда, Құлсары және Атырау дистанцияларында Мақат – Құлсары учаскесі бойынша Бек-Бике разъезінде, Құлсары – Бейнеу учаскесінде Қоркөл станциясында, Атырау – Ақсарай учаскесі бойынша Тұманды мен Д.Нұрпейісова бекеттерінде 7 дана контейнерлік типтегі жаңартылған модульді техникалық құралдар кешені орнатылған. Мақат, Ақжайық станцияларында «Модернизация ЛАЗ» жобасы аясында желілік-аппаратты залдарда каналдарды нығыздаудың жаңа буынды қолжетімді, заманауи интеллектуалды мультисервистік концентраторға модернизациялау жүзеге асырылған.  

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады