Ақтөбеде тағы бір рельс зауыты салынады

Аймақтар
13.06.2025, 08:34
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде рельс өндіретін тағы бір зауыттың құрылысы басталды. Жаңа зауыт жобасы «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен жасалған оффтейк-шартпен қамтамасыз етілген. Бұл өнімнің ішкі нарықта тұрақты өткізілуіне кепілдік береді.

Ұзын өлшемді рельс шығаратын рельс дәнекерлеу зауытының құрылысы басталғаны туралы хабарлаған ресми мәліметке сүйенсек, кәсіпорын жылына 825 шақырымға дейін рельс өндіруге қауқарлы. Жоба Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын жаңғыртудағы маңызды кезеңдердің біріне айналады деп сенеді.  

Жаңа зауытқа тартылған жалпы инвестиция көлемі 21,4 млрд теңгені құрайды. Зауытты іске қосу 2026 жылға жоспарланған. Сол кезде 200-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.  

Жергілікті әкімдік таратқан ақпаратқа сүйенсек, жаңа өндірістің басты ерекшелігі – рельс ұзындығы 800 метр болады. Бұл қазіргі қолданыстағы стандарттардан едәуір артық. Мұндай рельстер темір жолдарды айтарлықтай жақсартады деп күтілуде. Сапалы рельс пойыз қозғалысы кезінде соққы мен дірілді азайтады, жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзартады және жолаушылар үшін жайлылық деңгейін арттырады.  

Жаңа өндірістің тағы бір стратегиялық артықшылығы – зауыттың 120 метрлік рельстер шығаратын Ақтөбе рельс-арқалық зауытына жақын орналасуы. Бұл логистика мен тасымалдау шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, кәсіпорынның шекараға жақын орналасуы экспортқа жол ашады.  

Қазіргі уақытта өңірде құрылыс-монтаж жұмыстары, жабдықтарды жеткізу, алаңды жайластыру және негізгі өндірістік пен әкімшілік нысандарды салу жұмыстары қайнап жатыр.

 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?