Кәсіби мерекеге тарту

Аймақтар
01.08.2025, 10:34
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Бершүгір жол дистанциясы қызметкерлеріне кәсіби мерекеге орай тамаша тарту жасалды. Салауатты өмір салтын қалыптастыруды әдетке айналдырған теміржолшылар үшін арнайы спорт кешені пайдалануға берілді.

Спорт кешенінің ашылу салтанатына «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі филиалының директоры Серғали Жайлаубай, «Батыс» филиалы кәсіподақ ұйымының төрағасы Ғабит Садықов арнайы барып қатысып, жолшылар қуанышына ортақтасты. Теміржолшы ардагерлер, аудандық мәслихат депутаттары құттықтау сөз сөйледі.  

«Теміржолшылар үшін спорт кешендерін салу, пайдалануға беру бізде тұрақты дәстүрге айналған. Бұл жалғыз жолшылар игілігіне қызмет етпейді, мұнда Бершүгір станциясының барлық теміржолшысы келіп, жаттығатын болады деп ойлаймын. Іші жайлы, қолайлы, заманауи талапқа сай кешеннің игілігін көріңіздер», – деді Серғали Жайлаубай.  

Аудан басшылары жұмысшы мамандықтар жылында теміржолшыларға жасалып жатқан жағдайды оң бағалады. Жерлестерінің атынан теміржол басшылығы мен кәсіподағына алғыс айтты. «Бүгін үлкен еңбектің жемісін көріп тұрмыз. Ашылып жатқан спорт кешені ел дамуына үлес қосып жүрген теміржолшылар игілігі үшін жасалып жатыр. Мереке құтты болсын, әріптестер!», – деді «Батыс» филиалы кәсіподақ ұйымының төрағасы Ғабит Садықов.  

Спорт кешенінің ашылу салтанатына орай жергілікті теміржолшылар арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар арнайы марапатталды.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды