Теміржолшы отбасы жеңімпаз атанды

Аймақтар
19.08.2025, 09:28
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шымкентте «Мерейлі отбасы» байқауының қалалық кезеңі қорытындыланып, онда теміржолшылар отбасы жеңімпаз атанды. 20 отбасы арасынан үздік атанған Нұртаевтар әулеті енді қыркүйекте Астанада өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Бүкіл өмірін теміржол саласына арнаған Нұрғали Нұртайұлы оңтүстікте ғана емес, республикаға танымал теміржолшы. Кезінде ақ адал еңбегімен даңқы шығып, аты аңызға айналған азаматтармен қатар еңбек еткен ол бүгінде шымкенттік теміржолшы-ардагерлер арасында белсенді зейнеткер. Саламатты өмір салтын ұстанып, ұрпақтар сабақтастығын жалғап отырған қарияның ғұмыры көпке үлгі боларлық.  

Ізгілікті насихаттап, ұлттық құндылықты өнеге еткен Нұртаевтар әулеті ойласа келе осы байқауға қатысуға шешім қабылдаған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысуға қаладағы 5 ауданнан 189 өтінім түскен. Соның ішінен 20 отбасы іріктелген. Бас-аяғы бір жарым айға созылған сан түрлі іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен Нұртаевтар әулеті республикалық байқауда Шымкенттің намысын қорғауға лайық деп танылған. Негізінен, ұлттық құндылықтарды ұстанған отбасыларды дәріптеуді мақсат еткен бұл жоба биыл 12-ші рет өтіп отыр екен. Биылғы жылды Мемлекет басшысы «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай, осы санатқа сай келетін отбасыларға көбірек көңіл бөлінген көрінеді.  

Сонымен қатар үміткерлердің Шымкент қаласының дамуына қосқан үлесі мен балаларының жетістіктері де назардан тыс қалмаған. Ал Нұртаевтар әулетінен тараған ұрпақтың көпшілігі – нағыз теміржолшылар. Әулеттің бұл саладағы еңбек өтілінің жалпы жиынтығы 407 жылды құрайды. Түлкібас ауданының Састөбе ауылында туып-өскен Нұртай ақсақалдың жары Әсия мен қос інісі Мырзағали, Мырзабек те өмірін осы саламен өрбіткен жандар. Ал ұлы Болат пен қыздары Жанат, Ләззат, немерелері Нұрсұлтан мен Дастан, Дәулен және Досбол, Ақтолқын да ата салған сүрлеу-соқпақпен жүріп келеді.  

Осылайша, отбасы институтын нығайту әрі өскелең ұрпақ бойында патриоттық сезім қалыптастыруды көздейтін байқауда жеңіске жеткен теміржолшылар әулеті бағалы сыйлық пен қаржылай жүлде қорының сертификатына ие болды. Алда Астана сапары...  

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады