Вокзалдардың құрылыс сапасы бақылауда

Аймақтар
19.09.2025, 09:15
Оқуға 2 мин
Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігі
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңірдегі 7 теміржол вокзалының құрылысын жүргізіп жатқан мердігерлер мен теміржолшыларды жинады. Жұмыс сапасы мен құрылыстың аяқталу мерзімі қатаң бақылауда екенін ескертті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ биыл еліміз бойынша 125 вокзалда жөндеу жұмыстарын бастады. Оның жетеуі Ақтөбе облысына тиесілі. Әкімдікте өткен жиында Ақтөбе, Қандыағаш, Шалқар, Алға, Жем қалаларында және Қарауылкелді мен Шұбарқұдық вокзалдарында жасалған жұмыс барысы талқыланды. Олардың дені ондаған жыл бұрын салынған және техникалық әрі функционалдық тұрғыдан ескірген. Вокзал инфрақұрылымын толық жаңартуға бағытталған ауқымды жоба жолаушыларға қауіпсіз әрі жайлы тасымал қызметінің сапасын арттыратыны сөзсіз.  

Жобаларға сәйкес ғимараттардың сәулеттік келбеті ескеріле отырып, кешенді жаңарту қарастырылған. Қасбеті жаңартылып, ішкі орын-жайлар мен инженерлік желілер жаңғыртылады, заманауи хабарландыру және ақпараттандыру жүйелері орнатылады. Өрт қауіпсіздігін күшейтуге мән берілген. Маңызды бағыттардың бірі – мүгедектігі бар азаматтарға кедергісіз орта құру. Ол үшін вокзалдарда пандустар, тактильді көрсеткіштер, индукциялық жүйелер орнатылып, бейімделген кассалар мен санитарлық тораптар жасақталады.  

Жиында Ақтөбе вокзалында қосымша тегін Wi-Fi аймақтары мен балалар ойын алаңдарын орнату жоспарланғаны айтылды. Сондай-ақ жолаушылардың қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін жаяу жүргіншілерге арналған үстiңгi өткел салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бүгінгі таңда ең қарқынды құрылыс жұмыстары Ақтөбе мен Шұбарқұдық вокзалдарында жүріп жатыр, жұмыстар шамамен 55%-ке орындалған. Шұбарқұдықта қабырғаларды қалау, бөлмелерге бөлу аяқталды, енді шатыры жабылады. Ақтөбе вокзалында ғимараттың қасбетін әрлеу, желдету, кондиционер және жылыту жүйелерін орнату жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ ішкі әрлеу және шатыр жабу жұмыстары аяқталуға жақын. Шалқарда негізгі ғимаратқа қосымша құрылыс салынып жатыр, терезе және есік ойықтары нығайтылса, Қарауылкелді мен Алғада нысанның іргетасы құйылды. Қандыағаш вокзалы әрлеу сатысында, сонымен қатар қабырғаларды тұрғызу мен шатыр орнату қатар жүргізілуде. Жем станциясында іргетасы пен қабырғалар толық салынып біткен.  

Облыс әкімі құрылыстарға бақылауды күшейту, жұмыстарды жеделдету және қажет болған жағдайда қосымша жұмыс күшін тартуды тапсырды.  

«Вокзалдарды қайта құрылымдау – өңір инфрақұрылымын дамытудың маңызды қадамы. Біз барлық жолаушы үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауды көздеп отырмыз. Сондықтан жұмыстардың сапасы мен мерзімін бақылау ең жоғары деңгейде болуы тиіс. Бұл біздің вокзалдарды заманауи әрі қолайлы етуге мүмкіндік береді», – деді Асхат Шахаров.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды