Семейлік теміржолшылар 5 мың түп көшет отырғызды

Аймақтар
14.10.2025, 10:09
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – Семей магистральдық желі бөлімшесінің теміржолшылары Ұлттық компания бойынша өтіп жатқан «Taза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең ауқымда іс-шара өткізді.

Семейліктер экочелленджді Қарағанды магистральдық желі бөлімшесіндегі әріптестерінен қабылдап алды. Жалпы, кең көлемдегі көшеттер отырғызу, аймақты жасылдандыру ісі осыдан біраз жыл бұрын қолға алынған еді. Қарағайлы орманның іргесінде орын тепкендіктен жасылдандыру ісі бөлімше бойынша дәстүрге айналған. Осыған дейін де республикалық акция аясында әкімшілік ғимараттардың, модульдік үйлердің, материалдық базалардың және теміржол вокзалдары мен станциялардың айналасы көгалдандырылған болатын. Дегенмен, бұл акцияның семейліктер үшін маңызы зор болып отыр.  

Осынау ерекше акция барысында Жаңа-Семей – Дегелең телімі бойынша ауқымды көгалдандырудың негізі қаланып, ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Теміржол желісінің жиегінде қар үйінділерін болдырмау мақсатында қаладан Астана бағытына шығаберіс желі бойына ағаштар егілді.  

Салалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қырықбай Әлсейітұлы акцияға арнайы келіп қатысып, магистральдықтар бастамасына қолдау білдіріді. Акцияға ПЧ, ШЧ, ЭЧ және вокзал шаруашылығының қызметкерлері белсенді түрде қатысты.  

Берекелі іс-шара соңында Семей НЖС-6 директоры Айдын Шәукежанов экологиялық челлендж эстафетасын Атырау магистральдық желі бөлімшесінің ұжымына жолдап, батыстағы әріптестерін таза және жасыл Қазақстанды бірлесіп құру бастамасын жалғастыруға үндеді.  

Айта кетер жайт, бір бұл емес, НЖС-6 бөлімшесіне қарасты мекемелер де өзара экоакция өткізіп жатыр. Дәл осы күні тайлы-таяғымен желі бойына көшеттер отырғызуға шыққан ПЧ-39 мекемесінің жолшылары бірегей эстафетаны Жаңа-Семей жол дистанциясындағы әріптестеріне ұсынды. Бұл шара қарашаға дейін жалғасып, күллі шығыс өңірді толық қамтымақ. Ал осы жолы байтақ бөлімше бойынша жалпы саны бес мыңнан астам көшет отырғызылыпты.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты