Ортақ жеңіс, ортақ абырой

Аймақтар
22.10.2025, 12:52
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда өткен «Жас үздік маман-2025» V республикалық кәсіби байқау қорытындысы аймақ теміржолшыларына қуаныш сыйлады. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінде еңбек ететін бірнеше маман үздіктер қатарынан көрінді.  

Кәсіби конкурстың «Вокзал бойынша кезекші» номинациясында Арал теңізі вокзалының кезекшісі Зәмзәгүл Қарақұлова республикалық деңгейде 1-орынды иеленіп, аймақ абыройын асқақтатты.  

Жолаушыларға қызмет көрсетуде жоғары сервис пен сапаны жоғары қойған Зәмзәгүлдің сонау Арал теңізіндегі үлгілі еңбегі еленіп, лайықты бағасын алды.    

«Жол шебері» номинациясы бойынша Қызылорда жол дистанциясының жол шебері Жалғас Якубов та республикалық бәйгеде 1-орынды иеленіп, кәсіби шеберліктің биік үлгісін көрсетті. Жалғас – нағыз теміржолшы. Ол үшін әр шпал, әр рельс-пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне кепіл болатын сенім сызығы. Жол шеберінің міндеті қозғалыс қауіпсіздігінің мүлтіксіз сақталып, пойыздардың апатсыз жүрісін, қамтамасыз ету десек, Жалғас – осы деңгейден табылып отырғанын іспен дәлелдеген өз ісінің майталманы.    

Сондай-ақ Қазалы жол дистанциясының жол шебері Бауыржан Қыпшақбаев конкурста 2-орынды иеленді. Оның жетекшілігіндегі телімде қозғалыс қауіпсіздігі әрдайым жоғары деңгейде. Тәжірибелі шебердің жұмысы – жас мамандар үшін нағыз өнеге мектебі.  

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ербол Сәулебеков бастаған аймақ теміржолшылары, кәсіподақ жетекшілері  Астанадан оралған жеңімпаздарды салтанатты түрде қарсы алып, құрмет көрсетті. Кәсіподақ ұйымы тарапынан алғыс хат пен  марапаттар табыс етілді.

– Құрмет төрінде тұру оңай емес. Ол – жылдар бойғы маңдай тер мен кәсібіне деген адалдықтың нәтижесі. Әріптестеріміздің бұл жетістігі – бүкіл аймақ теміржолшыларының ортақ жеңісі, ортақ абыройы, – деді бөлімше басшысы.    

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды