Республика күні мерекесінде теміржолшылар марапатталды

Аймақтар
29.10.2025, 09:21
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Мерейі биік мемлекеттік мереке – Республика күніне арналған салтанатты жиында «Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі» және «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалдарына қарасты еңбек ұжымдарында өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып жүрген мамандар марапатталып, құрмет пен қошеметке бөленді.

Соңғы жылдары айтулы мерекеге орай саланың дамуына зор үлес қосып, адал еңбегімен көзге түскен теміржолшыларды «Темір жол даңқы», «Адал еңбегі үшін», «Кәсібі бойынша үздік», «Үздік жол шебері», «Үздік жас маман», «Үздік машинист» төсбелгілері, «Қазақстан темір жолы»  ҰК» АҚ басқарма төрағасының Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттау дәстүрге айнала бастады. Биылғы салтанатты жиынның мәні мен мазмұны да өзгеше. Патриоттық әндер шырқалып, ерекше көңіл күйге бөлеген форматы бөлек мерекелік іс-шарада «Жұмысшы мамандықтары жылы» және теміржолшылар кәсіподағының 120 жылдығына орай марапатқа ие болғандардың да қатары көп.

Мерекенің мәні сала мамандарымен бірдей, кәсібилігімен темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосып жүрген құрылысшы, байланысшы, тағы да басқа қарапайым жұмысшылардың да еңбектерінің еленуімен ерекшелене түсті.

Салтанатты жиында «Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі» филиалының директоры Айдын Сеитбенбетов, «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры Мейрамбек Кенжебаев, теміржолшылар кәсіподағы Жамбыл филиалының төрағасы Ерболат Жидебаев сала мамандарын мерейлі мерекемен құттықтап, еңбектеріне қарай марапаттарын табыс етті.

– Біз жақында ғана күзгі комиссиялық тексеруді аяқтап, қорытындысын шығарған болатынбыз. Маусымаралық кезеңге үлкен жауапкершілікпен қарап, қысқа дайындық жұмыстарын тиянақты өткізген бес еңбек ұжымын атап өтіп, мерейлі мереке қарсаңында марапаттауды жөн көрдік. Бұл басқа құрылымдарды да ынталандыра түсері анық, - дейді «Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі» филиалының директоры Айдын Пайзылдаұлы.

Мерекелік іс-шарада Жамбыл локомотив пайдалану депосы филиал директорының Құрмет граматосымен марапатталып, үздік атанған еңбек ұжымдарының көшін бастады. Тиянақты жұмысымен көзге түскендер қатарында Қорағаты, Ақтаутас, Малдыбай, Қаратау станциялары да бар.  

Өз кезегінде «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне» қарасты құрылымдарда табысты еңбек етіп жүргендерді де филиал директоры Мейрамбек Сермағанбетұлы Құрмет грамоталармен марапаттады.

 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?