Атыраулық теміржолшылар Республика күнін жоғары рухта атап өтті

Аймақтар
31.10.2025, 08:45
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Республика күнін атыраулық теміржолшылар көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Атырау магистральдық желі бөлімшесінің акт залында мемлекеттік ту ілініп, туған ел мен жер туралы айтылған патриоттық әндер мерекелік атмосфера туғызды.

Бөлімше басшысы Аралбай Қосымбаев көпшілікті мерекемен құттықтап, бұл күні еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам жасалып, тәуелсіз Қазақстанның бірінші құқықтық құжаты – Республиканың егемендігі туралы декларациясы қабылданып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізі жарияланғанын, сондай-ақ бүгінде еліміздің саяси және экономикалық салалардағы, оның әлемдік аренадағы жетістіктерін мақтанышпен атап өтті.  

«Әлбетте, өткен жылдар ішінде еліміздің дамуына теміржолшылардың қосқан үлесі де айтарлықтай екендігі рас. Соның ішінде өлке темір жолының өркендеуінде аға буын мен бүгінгі еңбеккерлердің әрқайсысының қолтаңбасы жатыр. Сондықтан халықтық мереке – Республика күні құтты болсын, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбекте толағай табыс тілеймін!», – деді ол.  

Осындай игі тілекті бөлімше кәсіподақ ұйымының жетекшісі Марат Бисенғалиев та арнады. Содан кейін теміржол саласының дамуына ерекше үлес қосқан үздік қызметкерлерді марапаттауға кезек берілді. Республика күні мерекесіне орай Атырау магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің жетекші инженері Айнұр Құлмағамбетова «Адал еңбегі үшін» төсбелгісін, Атырау жол дистанциясының өндірістік телім бастығы Дауыл Тауашов «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгісін, Атырау жол дистанциясының жол шебері Жанболат Таумұрынов «Үздік жол шебері» төсбелгісін кеуделеріне тақты. Сонымен бірге «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен бірқатар мамандар марапатталды.  

Сондай-ақ көптеген қызметкерлер «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына-25 жыл» және «Достық-Мойынты» теміржол учаскесіндегі екінші жолдардың құрылысына атсалысқаны үшін арнайы медальмен марапатталды. Олардың ішінде Құлсары белгі беру және байланыс дистанциясының байланыс электр механигі Айгүл Қаламбаева, Атырау жол дистанциясының өндірістік телім бастығы Жасұлан Амиров, Атырау белгі беру және байланыс дистанциясы бастығының байланыс жөніндегі орынбасары Қамидолла Гарипов, Құлсары белгі беру және байланыс дистанциясының сигнализация, орталықтандыру және бұғаттау бригадасының электрмеханигі Аманбай Басжанов, Атырау көпсалалы қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары Мәншүк Мужиева, Атырау электрмен жабдықтау дистанциясының электрмонтері Еламан Тұрған және тағы басқалары бар.  

Салтанатты жиын соңы магистраль майталмандарының құрметіне өнерпаз теміржолшылардың күшімен дайындалған концертке ұласты.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды